ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

"Жылдың үздік медбикесі" анықталып жатыр

19:26, 28 сәуір 2017

Жылдағы дәстүрге сай медицинаның орта буын қызметкерлері арасында байқау басталды. Облыстың әр ауданынан келген 13 маман сайысқа қатысып, өз тәжірибесін, біліктілігін көрсетуде. Байқауға қатысушылардың бірі – Қарғалы аудандық ауруханасының медбикесі Роза Ерданбетова. Ол 28 жылдық еңбек тәжірибесінде талай адамның айығуына жәрдем етті. Соңғы жылдары медицина саласындағы жаңашылдықтарды, уақытылы меңгерген ақ халатты абзал жан - мұндай сайысқа алғаш рет қатысып отыр.

РОЗА ЕРДАНБЕТОВА, ҚАРҒАЛЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ МЕДБИКЕСІ

"Үздік медбике - 2017" байқауына, негізінен ауыл-аймақтардағы медицина ұйымдарында қызмет ететін 13 үміткер қатысты. Алдымен, тест тапсырып, білім-біліктіліктерін көрсетсе, кейін облыстық ауруханадағы симуляциялық орталықта тәжірибе жүзіндегі сынақтарда бақ сынады. Денсаулық сақтау ұйымдарының белді мамандары мен өзге де мекеме өкілдері үміткерлердің өнерін бағалады.

ЖАНАТ ЖҮСІПБЕКОВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС МЕДБИКЕСІ

Қазіргі таңда медицинаның орта буын мамандарына зор жауапкерішлік артылып отыр.  Туберкулездің, онкологиялық аурулар түрлерінің  алдын-алу және ана мен бала денсаулығын жақсарту - медбикелердің басты міндеттерінің бірі. Тиісті жұмысты сапалы атқарғандардың 80 мың теңгелік жалақысына 35 мың теңгеге дейін үстем ақы қосылады. Ал, байқау 12 мамымрға дейін жалғасады.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...