ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

18 сәуірде суға кеткен саяжайлардан 400 адам көшірілді

17:41, 19 сәуір 2017

Сәуірдің 18-і күні су шайған саяжай аумақтарынан 400-ге жуық адам шығарылды.

Кеше таңертең 11 адам эвакуацияланды. Оның ішінде Кеңес Нокин ауылындағы "Надежда" бау-бақша ұжымының бес баласы бар. Ол жерде бау-бақша үйлеріне су басу қаупі төнген.   Акжар-1 ауылындағы «Мұнайшы-4», «Буравик», «Солнышко» бау-бақша ұжымдарына да қауіп төніп, 5 адам шығарылды. Ал «Солнечный» бақшасынан кеше кеште  13 адам эвакуацияланды.  Тағы төрт адам бүгін таңғы төртте Қарғалы маңындағы "Тополёк" саяжайынан құтқарылды.

ДИНАРА АТЫРАУБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАС МАМАНЫ

- Садовый ауылындағы "Солнышко", "Мұнайшы" саяжайларында Қарғалы өзенінің көтерілгені салдарынан 47 аула мен үйлер суға кетті. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері және әскерилер 364 адамды, оның ішінде 18 баланы алып шықты.  Украинкадағы "Тау" демалыс базасы да судан зардап шекті. Ол жерден бір адам құтқарылды.

Төтенше жағдайлар департаменті берген мәлімет бойынша, су тасқыны басталғалы бері 1907 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 70 адам қауіптен құтқарылды. Қурайлы ауылында үш тұрғын үй және 18 аула, 644 саяжай үйі суға кетті. 

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...