ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Ақтөбе облысында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

10:40, 1 тамыз 2016

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығына Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Асқар Шериязданов хабарлады.

Өткен сенбіде облыс аумағында жүк пойызының бірнеше вагоны аударылып, апаттық жағдай болды.  Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ұзындығы 500 метрді құрайтын темір жол рельсі қайта қалпына келтіріліп, жолаушылар қауіпсіз жерге жеткізілді.

Әйтекеби және Никельтау стансаларына қарасты аумақта Астана қаласынан келе жатқан жүк пойызы рельстен тайып, 48 вагонның 22-сі, жолдан шығып кеткен. Салдарынан темір жол рельстері істен шықты. Осыған байланысты,сол күндері "Астана -Атырау", және "Астана- Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызының жүрісі уақытша шектелді. Оқиға орнына дереу жеткен жедел штаб күшейтілген режимде үздіксіз  жұмыс жасады. Штаб құрамында темір жолшылар, облыс және аудан әкімдіктерінің өкілдері болды.   

АСҚАР ШЕРИЯЗДАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Стансаға қалпына келтірілу пойыздары жіберілді. Барлығы 686 жолаушының 320-сы арнайы автокөліктермен қалаға тегін жеткізілді. Қалпына келтіру жұмыстарына 100-ден астам адам жұмылдырылды. Бүгінгі күні жөндеу толық аяқталып, барлық бағыттағы пойыздардың жүрісіне мүмкіндік берілді. Ал,  жолаушылардың билеттерінің құны өздеріне қайтарылатын болды.

МАҒАУИЯ ОРАЗҒҰЛОВ,  ҚТЖ ҰК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Оқиға болған жерде Астана және Ақтөбе қалаларынан келген арнайы комиссия жұмыс жасауда. Олар апаттың себебін анықтайды. Жалпы шығынның көлемі тек тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана айтылады деп отыр мамандар.

Райгүл Еншібайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
18:15, 13 қараша 2019
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
19:19, 13 қараша 2019
ХРОМТАУЛЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...