ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

Ақтөбедегі су қоймаларының жағдайы қалыпты

22:12, 21 сәуір 2017

Ақтөбедегі су қоймаларының жағдайы қалыпты. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығына «Қазсушаруашылығы» мекемесінің Ақтөбедегі директоры Бекзат Наметов мәлімдеді.

Оның айтуынша қазіргі таңда екі ірі Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары тасқын сулардың құйылуы тоқтауына байланысты пайдаланудың қалыпты тәртібіне көшкен. Елек өзенінің сағасында орналасқан 3 үй, 18 аула, саяжайлардағы 644 үй мен ауланы су басып, саяжайдағы 5 үй қирады. Бау-бақша ұжымдарының аумағынан 1907 адам көшіріліп, 71-і құтқарылды. Ақтөбе қаласындағы орта мектептер жанынан 9 бекет ашылып, 583 адам орналастырылса, 350-і балалар. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан сыздықовтың айтуынша, «жедел желіге» 230 қоңырау түскен. Апаттық-құтқару жұмыстарына 340 адам жұмылдырылып, 117 бірлік техника, 9 жүзу құралдары тартылды. Жұмыстарын жалғастырып жатқан 13 штаб тұрғындардан 1874 өтініш қабылдаған.  7474 текше метр инерттік материалдар әкелініп, 219,9 мың текше метр су сорылды. Су деңгейін бақылау үшін Кірпішті көпірі мен Ақжар 1 аудандарында екі бақылау бекеті қойылды. Су басқан жерлерден көшірілген азаматтардың мүліктерінің тоналуына жол бермеу мақсатында жергілікті полиция қызметі 21 блок бекетін орнатып, 62 бау-бақша ұжымдары аумақтарында 18 мобильдік топ жұмыс жасайды. Сонымен қатар, гигиеналық бағалау үшін судың 25, топырақтың 20 сынамасы алынып, зертханалық жұмыстар жүргізілуде.

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...