Әскери қызметкер аман-есен ауруханадан шықты

Ақтөбедегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 20/30 әскери бөлімінде ақпан айында төтенше жағдай тіркелген болатын.

19:40, 18 наурыз 2017   86

32 жастағы әскери қызметкер жаттығуларға жоспарлы дайындық кезінде өзін басынан атып, ауруханаға түсті. Бүгін дәрігерлер бірнеше отадан соң науқастың аман-есен ауруханадан шыққанын хабарлады. «Әскери қызметкер  ауруханадан шығарылды. Өте ауыр оталар жасалды. Тамақ астынан тиген оқ бас сүйегінен шыққан. Мұрын, ауыз қуыстарына қатты зақым келді. Қазір ол  сөйлейді, айтылып жатқан сөзді түсінеді. Тамақ ішеді, есін біледі. Ақыл-есі дұрыс. Өзгесі біздің құзыретімізде емес», - деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан. Оның айтуынша, науқас ауруханадан шығарылған соң Астанадағы әскери госпитальге оңалту үшін жіберілген.

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44