ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Әуе десанттарының әскери формасын кигендер ұсталды

11:13, 3 тамыз 2016

Тамыздың 2-сі күні Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы аллеяда жол-патрульдік қызмет полициясы әуе десанттарының әскери формасын киген бір топ адамды мас күйінде ұстады.

Олар қоғамдық тәртіпті бұзып, кешкі уақытта аллеяда демалып жүрген тұрғындарды балағаттаған. Ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша полиция қызметкерлері бірнеше мәрте ескерту жасағанымен, бұзақы топ тәртіп сақшыларының сөздерін құлаққа ілмеген. Ал әкімшілік хаттама толтыру үшін тоқтатқан кезде олар полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Күштік құрылымдарды қосымша жұмылдыруға тура келеді. Нәтижесінде алкогольдік ішімдікке масайған екі адам ұсталды. Оларға қатысты  Қылмыстық кодекстің "Билік өкіліне қарсылық көрсету" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...