ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

Қарғалы елді мекенінде қалың қардан көпқабатты тұрғын үйдің төбесі құлады

20:22, 27 ақпан 2017

Салдарынан кейбір пәтерлерге еріген қар суы ағып тұр.

Абай көшесіндегі №3 үйдің тұрғындары өткен түнді кірпік қақпай өткізді. Қар аралас жаңбырдың жаууынан ескі шатыр шыдас бермей, опырылып түскен. Салдарынан, үш подъезді үйдің ортаңғы бөлігі мүлде ашық қалды.

Енді подъездің ғана емес, жоғарғы қабаттағы бірнеше пәтердің төбесінен еріген қар суы сорғалап тұр. Таңғы төрттен бері жағдайымыз осы, деп үй тұрғындары қайта--қайта судан тлып кете беретін ыдыстарды ауыстырып жүр.

ЛЮДМИЛА АНДРЕЕВА, ТҰРҒЫН

- Мен бұл үйде 1981 жылдан бері  тұрамын. Дәл мұндай жағдайды болған емес. Үйде қарт зейнеткерлер, кішкентай балалар бар. Мәселені тезірек шешу керек. Әрі, шатырдың астында жоғары вольтты электр желісі өтіп жатыр. Ылғалданса, өте қауіпті. Жарықсыз қалуымыз да ғажап емес.   

Бұл үй 1974 жылы салынған. Содан бері ешқандай жөндеу көрмепті. Тұрғындар қазргі жағдайы "апатты" дейді. Соңғы жылдары жылу жүйелері де істен шыға бастаған. 

РАИЛ АҚТАМАҚ, ТҰРҒЫН

Бүгін мұнда Қарғалы ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері болып, жағдаймен танысты. Айтуларынша бұл мәселе тез арада шешіледі. Алайда ол үшін тұрғындар, осы аумаққа бекітілген басқарушы компаниямен келісім-шартқа отыруы қажет.   

АСЛАН АНАРБЕКОВ, ҚАРҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...