ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

Қауіп сейілді

20:05, 19 сәуір 2017

Қала іргесіндегі Қурайлы ауылдық округіне қарасты Өрлеу ауылының бірнеше үйін су басты. Барлығы 99 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл осыдан төрт күн бұрын болған оқиға еді. Қазір Електің деңгейі төмендеп, жағдай тұрақталған соң, тұрғындар баспаналарына қайта оралуда.

Алтын Қалиеваның тапқан -таянғанын салып он жыл дегенде әрең көтерген баспанасын ағын су шайып кетті. Дүние мүлік пайдаға жарамай қалды. Жолдасы Асылхат екеуі оқыс оқиға кезінде құжаттары мен балаларының оқулықтарын ғана алып үлгеріпті. 

АЛТЫН ҚАЛИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Олармен көрші тұратын Ауданбай мен Әселдің баспанасы да мүшкіл халде. Үйлеріне су кіріп берекеті қашқан көпбалалы отбасы қазір ағайын -туысқанның үйін паналаған. Үш бөлмелі пәтерінің қабырғасына сызат түскен.

ӘСЕЛ ЖОЛДЫБАЙ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Бірден он шақты үй ағыстың астында қалды. Абыр-сабыр болған тұрғындар өздерінше әрекет жасап баққан.

АЙСҰЛУ АТАГУЛИНА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Төтенше жағдай туралы жергілікті билік ауылдықтарға алдын ала ескерту жасаған. Алайда, тұрғындар смс-хабарламаларға аса мән бере қоймағандарын айтып отыр. Кейбірі үйлерін сақтап қалу мақсатында орталыққа барудан да бас тартқан.

АМАНБЕК ШАЛАБАЕВ, ҚУРАЙЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өрлеу ауылында су тасқыны кезінде зардап шеккен үйлердің үшеуі апаттық жағдайда. Әзірге тұрғындар шығынды есептейтін комиссияның шешімін күтіп отыр. Баспансыз қалғандар қолдан келгенше көмек беріп, қол ұшын созған ауылдастарына алғыстарын жеткізді.

Райгүл Еншібайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...