ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Көктемгі су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады

21:27, 17 наурыз 2017

Штаб Әлия Молдағұлова даңғылы бойында орналасқан. Табиғи және техногендік жағдайларға қарсы іс-шараларға 130-ға жуық техника жұмылдырылған.

Бүгін қалалық әкімдіктің өкілдері штаб жұмысымен танысып, техникалардың дайындығын көрді.

Штаб жұмысы бүгіннен бастап жанданды. Енді тұрғындар жауын-шашын және еріген қар суының жиналуына байланысты сұрақтарын штаб телефондары арқылы мамандарға жеткізе алады. 241843 және 241848 нөмірлері қоңырау қабылдайды. Жалпы, биыл су тасқынына қарсы 100 бірліктен астам су сорғыш арнайы техника жұмылдырылады. Ол құрылғылардың барлығы навигаторлармен жабдықталған.

НАҒЫМЖАН АЛДИЯРОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өткен жылдың тәжірбиесіне қарай, штабтан су сору немесе инертті материалдар түріндегі көмек сұрағандарға, комиссия барлық жағдайды тексергеннен кейін ғана арнайы көмек көрсетеді. Көктемгі су тасқынына қарсы шараларды атқаруға 130 адам кіріскен. Олар арнайы техникалардың көмегімен қалаға қарасты су басқан ауылдарда тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Мамандардың айтуынша, қала көшелерінің басым бөлігі қардан тазартылып болды. 30 шақырымнан астам суағарла, рөзен арналары  түрлі қоқыстардан тазаланып, аршылды. Бүгінгі күнге дейін қаңтар айынан бастап полигонга 600 мың текше метр қар шығарылыпты. 

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...