ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

Өртенген үйден 10 адам құтқарылды

20:04, 6 ақпан 2017

47 жастағы ақтөбелік тұрғын өз пәтерінде шыққан өрт салдарынан көз жұмды.

Көпқабатты үйдің 15 тұрғыны құтқарылды. Ал өткен демалыста Әбілхайыр хан даңғылы, 76  үйде болған өрттен 10 адам аман қалды. Екінші қабаттың кіреберісінен өрт шыққан.

Түн ортасында болған өрттен ұйқыда жатқан тұрғындар шошып оянды. №8 пәтерде тұратын қарындасым жанұшыра хабарласқан бойда, дереу  осы жерге жеттім дейді қала тұрғыны Берік Сүгіров.

БЕРІК СҮГІРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

- Бала оянып кеткен. Соған қарындасым сүт берейін деп тұрса,  үйге кіретін есіктің ар жағынан    шулаған дауыс, шум естілген. Есік дүрілдеп жатыр дейді. Сыртқы есікті ашып қараса, ыссы леп ішке ұрған. Сосын дереу есікті жауып алып, бізге звондаған. біз  тез келдік.

Өрт кезінде 10  адамның өміріне қауіп төнді. Оның екеуі бала. Өрт сөндірушілер оларды дереу  құтқарып, тағы  57  адамды қауіпсіз жерге  көшірген.  5 адам түтіннен уланып қалған олар жедел медициналық көмек беру ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан  кейін, үйлеріне жіберілді. Қазіргі күні осынша жұртты даурықтырған өрттің себеп-салдары мен шығыны анықталып жатыр.

МЕЙРАМҒАЛИ ЖҰМАШЕВ,  АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

- Сесебі қазіргі уақытта анықталуда. материал полиция бөлімімен тексеріліп жатыр.

Қазір оқиға орнында байланысшы мамандар жұмыс жасап жүр.  Өрт кезінде күйік шалған ғаламтор және телебайланыс желілерін қалпына келтіріп жатыр.  

ЕРНАР ҚЫЛЫШБАЕВ, "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ  БАЙЛАНЫСШЫ МАМАНЫ

2-4 қабат аралығында қайтадан установка тартып, кабельдерін ауыстырып  тартып жатырмыз. Әр квартираға 20- 25 метр кабель ғой. Қазір 3 квартираны болдық.

Абырой болғанда, оқиға орнында адам өлімі тіркелген жоқ, өрт сөндірушілер де шұғыл жетіпті. Бұған 25 құтқарушы мен 7  техника жұмылдырылды.

Әлия Оразай

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...