ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

22:01, 17 сәуір 2017

Ақтөбеде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. 600-ге жуық саяжай үйлері мен аулаларды су шайды. Құлаған үйлер де бар. 700-ден астам адам қауіп төнген аумақтардан көшірілді. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай соңғы жиырма жылда болмаған. Табиғаттың тосын сыйынан абдырап қалған жұртқа басу айтып, қол ұшын созу әркімнің міндеті деген қала басшылығы жауаптыларға тапсырма берді, комиссия құрды.

Бұл – Заречный-2 ауылы. Сәуірдің 16-сы, түстің уақыты. Толқынға шайқалып жүзіп бара жатқан қайық адамдарды құтқарып жүр. Белуардан келген суды кешіп жүргендер де бар. Соңғы күндер қала іргесіндегі елді мекендер, бау-бақша ұжымдары осындай күй кешіп жатыр. Су тасқынын күткеніміз рас, бірақ үйлеріміз суға бататындай жағдай мұншалықты күрделі болады деп ойлағанымыз жоқ дейді тұрғындар.

СЕРҒАЗЫ  ТОҚАШЕВ

- Түнде су басты. Сағат бірдің шамасында мына аумаққа су жайыла бастады. Келешекке қарай құйылғанын көріп, қорыққанымыз рас. Мұндай болады деп кім ойлаған, бұрын есімде жоқ судың бұлай жайылғаны.

Бұл қызыл судан зардап шеккен "Тополь" және "Рассвет Лесхоз" бау-бақша ұжымдарының тұрғындары. Олар бізге ертерек хабар берілмеді, төтенше жағдай қызметі жайбасарлық танытты деп даурығып жүр.

АЙСҰЛУ  ТОҒАЕВА

- Төтенше жағдайлар қызметі хабарды бізге өте кеш берді. Су тасқынын хабарлағаннан кейін 5-6 сағаттың ішінде үйлерімізге су кіріп те болды.

Бұл күндері төтенше жағдай жариялаған қала басшылығы туындаған мәселені қалай реттейміз, қолымызда қандай мүмкіндік бар деп кеңесті. Барлық жауапты органдар басшылары қала әкімдігінде бас қосты. Қала әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, қазір адамдарды қауіп төнген аумақтардан көшіруге, су сорғылау жұмыстарына күш салынуда.

ІЛИЯС  ИСПАНОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

- 150 техника, оның ішінде 20-дан астам ауыр жүк көлігі жұмылдырылды. Ақбұлақ, Трансэнерго мекемелерінен өзге, жеке кәсіпорындардың осы жағдайда қол ұшын созып жатқанын айта кеткен жөн.  Олар жағдайдың күрделі екенін түсініп, бізге арнайы техникаларын беріп, көмектесіп жатыр.

Төтенше жағдайлар бойынша қалалық басқарма басшысы Евгений Овчарскийдің айтуынша, 579 бау-бақша ұжымы мен аулаларды су шайғаны, 5 саяжай үйінің қирағаны анықталған.

ЕВГЕНИЙ  ОВЧАРСКИЙ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Елек өзені арқылы 535 адам бергі бетке өткізілді. Күндіз су қайтқанымен, түнде өзендердің көтерілгені байқалады. Осыған байланысты біз әлеуметтік желілер арқылы, смс хабарландырулардың, телеарналардың көмегімен халықты құлағдар етіп жатырмыз. Електің жағалауындағы тұрғындарға мобилді топ жіберілді. Олар бағалы заттарын шығаруға, күзетуге көмектесіп жатыр. 760 аулаға су тасқыны болатыны туралы барып хабарладық. 513 адам қауіпсіз аумаққа көшуден бас тартты. 

Қауіп төнген жерлерден көшірілген жұртты қала билігі қазір мектептерге орналастырды. Нөмірі 40-шы мектепте де эвакуациялық пункт ашылыпды. тіркеу бөлімі, медициналық көмек осы жерде көрсетіліп жатыр. Ана мен балаға арналған бөлмелер жабдықталды.

БАУЫРЖАН  САРИН, №40 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

"Қазсу шаруашылығы" кәсіпорнының айтуынша,  мұндай жағдай облыста 19 жыл бойы болмаған. Бүгінгі таңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары судан толған, олардан су жәберу нормаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Ағын судың жан-жақтан құйылуы төтенше жағдай туғызды дейді ол.

БЕКЗАТ НАМЕТОВ, "ҚАЗСУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ" АФ ДИРЕКТОРЫ

- Жаман Қарғалы өзеніне қатысты кеше Қазгидромет секундына 155 текше метр су көтеріледі деп берсе, бүгін 260 деп беріп отыр. 110 текше метрге Жаман қарғалы ұлғайды. Көпірді су шайды. Су қайтан келіп жатыр. табиғаттың тосын сыйы бұл. Жаман Қарғалы басын Хромтау ауданынан Ақжар ауылынан алады. Сол жерден су қалаға құйылып жатыр.

Қала әкімі келтірілген шығындарды есептейтін мобильді топ құруды және халық көшірілген аумақтардағы тұрғындардың дүние-мүлкі тістегеннің аузында кетпес үшін полицияға бақылауды күшейтуді тапсырды.

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...