ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

Су тасқынынан 77 үй қирағаны анықталды

19:17, 24 сәуір 2017

Бүгін қалалық әкімдікте су тасқынынан зардап шеккендерге көрсетіліп жатқан көмектің деңгейі талқыланды.

Жалпы, өткен сегіз күн ішінде қаладағы жеті мектепке 800 отбасы мен 1200 адам жеткізілген. 10 бала "Ақбөбек" оңалту орталығына емделуге және тағы 20 адам қаладағы ауруханаларға жатқызылған. "Жас Отан" мүшелері мен жоғарғы оқу орындарының студенттерінен құралған 400-ге жуық еріктілер де қолдау көрсетіп жатыр. Ал, арнайы құрылған комиссия суға кеткен 1840 саяжай үлерін қарап шыққан. 77 үй қирағаны анықталды. Ал 30-ға жуық үй судың ортасында қалғандықтан, қандай күйде екені әзірге белгісіз. Ақтөбеліктерден "Қолғанат Ақтөбе" қорына бүгінге дейін 11 миллион теңге түсті. Қазіргі таңда 110 отбасыға көмек көрсетілген. 

РУЗИЯ  АЙДАШЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Өткен сенбі күні, санитарлық эпидемиологиялық станция мамандарының және ата-аналардың ұсынысы бойынша №40 және 26 мектептерге дезинфекция жүргізу керек болды. Бірақ, ондағы адамдардың баратын жері болмағандықтан, пәтер жалдау үшін 30 мың теңгеден қаражат бердік. Қаржылай көмекті бір кәсіпкер көрсетті. Себебі, сенбіде қордан ақша алу мүмкін болмады. 110 адамға көмек көрсетілді. 

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...