Су тасқынынан зардап шеккен үйлерді арнайы комиссия қарайды

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге тиісті заң аясында көмек көрсетіледі. Ал, түрлі алып қашпа әңгімелерге сенудің қажет жоқ. Бұл туралы бүгін қала маңындағы су шайған аумақтарды аралаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

20:45, 19 сәуір 2017   387

Сүт зауыты ауданындағы бау-бақша ұжымдарынан судың беті қайтып, қауіп сейіле бастады. Бұл, осы аумақтан эвакуацияланған тұрғындардың қайта оралуына мүмкіндік туғызды. Олар қазір, су тасқынынан келген шығандарын анықтап жатыр. Қайың және Геолог-7 саяжайларында тұратын ақтөбеліктердің айтуынша, өзеннен тасыған су кейбір үйлерге кіріп, мүліктерді бүлдірген. Бірақ, көбісі баспаналарын тастап кетпепті. Себебі, заттарымыз қолды болады деп қорыққандарын айтады.

КЕНЖЕГҮЛ ӘМІРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

НАҒЫМЖАН  АЛДИЯРОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  

Су тасқынанан зардан шеккен отбасыларға қолдау көрсетілетін болады. Ол үшін арнайы құрылған комиссия қираған үйлер мен өзге де нысандарды қарап, келтірілген шығын көлемін анықтауға кіріседі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Орын алған жағдайдан ескі ет комбинаты аумағындағы саяжайларды да су шайған. Алдағы уақытта мұнда арнайы суағар жасалады. Ол үшін халықаралық қаржы ұйымдарының бірінің қаражаты тартылмақ.  Қурайлы ауылдық округіндегі Георгиевка елді мекенінің Елек өзеніне жақын орналасқан үйлерін де су басқан. Мұнда да облыс әкімі болып, тұрғындардың жағдайын сұрады, көрсетілетін көмек туралы айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мұндағы үйлерге Елек өзеніндегі бөгеттің бұзылуынан су келген. Қазір оны қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға келер қауіп жоқ.

Әнуарбек Мырзатайұлы

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44