ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

Тұрғын үйдің төбесінен сорғалаған су жертөлеге жетті

21:36, 2 наурыз 2017

Көктем басталысымен еріген қар қала тұрғындарын әлекке салды. Қонаев көшесіндегі 10 қабатты үйдің төбесінен сорғалап аққан су жертөлесіне дейін жеткен.

Тұрғындар жыл сайын көктем-күзде көретініміз осы деп біздің арнамызға шағымданды.

Қонаев көшесінде орналасқан 60 пәтерлік бұл үйді жаңа десе болады. 2008 жылы пайдалануға берілді. Тоғыз жылдың ішінде тұрғын үйдің тас-талқаны шыққан: подъезд іші лас, кір-қожалақ кафельдер сынып жатыр. Жеделсаты да жиі істен шығады. Тұрғындар көктем сайын үйдің шатырынан аққан су оныншы қабаттан өтіп, бірінші қабатқа жететінін айтты.

АЛМАГҮЛ ИСКАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қабырғасы да жарылған үйдің тұрғындары тіпті, сорғалаған су электр желілеріне тиіп, өрт бола ма деп жандарын шүберекке түйіп отыр. Ал төбеге көтерілгенімізде, жағдайдың ушыққанына көзіміз жетті.

Тұрғындар бұл келеңсіздікке пәтер иелері кооперативін кінәлап отыр. Олар ай сайын тиісті төлемдерді жасап отырғанын алға тартады. Алайда, шаһардағы барлық аудандарға жауап беретін басқарушы компания жұмысын қадағалайтын "Табыс Ақтөбе" серіктестігі өкілінің өз айтары бар.

АЛЕКСАНДР ЛИСИЦКИЙ, "ТАБЫС АҚТӨБЕ" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Қонаев көшесіндегі үйге қатысты айтар болсам, тарифте техникалық қызмет көрсету үшін басқарушы компания 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 22 мың теңге ғана төлеу керек деп белгіленген. Сондықтан шатырды жөндеуге басқарушы компанияның  күші жетпейді. Ол қымбатқа түседі. Көктем немесе жаз айларында қандай бір ақау болса, акт толтырып, тұрғындар қаржы жинаулары керек.

Осылайша, жауапты мекеме "мәселені шешу тұрғындардың өздеріне байланысты" деп қысқа қайырды. Өйткені, компания құзіретіне қомақты қаржыға жасалатын жөндеу жұмыстары кірмейді. Олар тек қалта көтеретін сомаға жөндеу жасайтын мекемелерді тауып беруге қауқарлы.

Дегенмен, басқарушы компания өкілдері түсірілімнен кейін аулаға жиналған қар суын соратын арнайы техника жіберіп, жағдайды бақылауға алғандығын хабарлады.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...