ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

Үш тәулікте алты өрт оқиғасы тіркелді

21:40, 16 наурыз 2017

Төрт жағдайда автокөлік өртенген. Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары хабарлады.

14-16 наурыз күндері облыс аумағында өртенген автокөліктердің үшеуі жеңіл машина. Біреуі - қоғамдық көлік. Белгілі болғаны, Ақтөбе-Хромтау тас жолының бойында "Неоплан" маркалы автобус өртеніп, толығымен жанып кеткен. Бұдан өзге, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде және жеке сектордағы үйдің ауласында өрт оқиғасы тіркеліпті.

ХАМИДА ИЩАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Ал, 15 наурыз күні "Құрылысшы" бау-бақша ұжымында тұншықтырғыш газбен улану жағдайы орын алды. Салдарынан үш адам зардап шекті. Оның екеуі - балалар. Газбен уланудың себебі - мұржада ақау пайда болған дейді мамандар.

ХАМИДА ИЩАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Соңғы кездері облыста автокөліктер мен жеке тұрғын үй секторларында өрт жағдайлары көбірек тіркелуде. Басты себеп - қарапайым ереженің сақталмауы, әрі электр құрал-жабдықтарын шамадан тыс пайдалану дейді мамандар. Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері қазір тиісті шаралар ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандар тұрғындарға барынша қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...