ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

Үш жасөспірім суға кетті

15:38, 2 маусым 2017

1 маусымда Ақтөбенің Сазды өзенінде үш жасөспірім суға батып кетті.

Бұл жағдай 12-ші ықшам аудандағы "Нұр ғасыр" мешітінің маңында болған.  Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер судан үш баланың денесін алып шықты. Балалардың екеуі 15, біреуі 14 жаста. Қазір бірнеше болжам айтылуда. Біреулер балалар ыстықтап, өздері тыйым салынған аумақта суға түскен дейді.  Ал ол маңда суға түсуге тыйым салатын ешқандай белгі жоқ. Сазды өзені ағып жатқан сол тұста мешіттен өзге парк және ойын-сауық орталығы бар. Қаладағы халық көп шоғырланатын, балалар көп баратын жерлердің бірі. Қазір төтенше оқиға анықталу үстінде. Мамандар ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды және шомылуға болмайтын жерлерде суға түсуге рұқсат етілмейнін түсіндіруді сұрап отыр.

 Екатерина  Котова, Облыстық ТЖК жедел құтқару отряды кезекші-диспетчерлік қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы 

-   Іздеу шаралары нәтижесінде отряд сүңгуірлері үш-төрт метр тереңдіктен батып кеткен үш жасөспірімнің денесін алып шығып, полиция қызметкерлеріне берді. Қала тұрғындары мен қонақтарынан балаларға мұқият болып, оларды жағалауда қараусыз қалдырмауын, тыйым салынған және белгіленбеген жерлерде суға түсуге рұқсат бермеуін сұраймыз. Сонымен қатар, судың температурасы, жоқ дегенде, 22 градусқа дейін жылынуын күткен абзал. Әйтпесе, суық суда адамның сіңірі тартылып қалып, осындай қайғылы жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін.   

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...
"Ақтөбе Foods" зауытында газдан улану салдарынан адам өлімі тіркелді
20:05, 24 мамыр 2017
"Ақтөбе Foods" зауытында газдан улану салдарынан адам өлімі...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...