ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

Ұжым жаңа басшыға наразы

21:00, 14 сәуір 2017

Ақтөбеде Сот медициналық сараптама орталығының ұжымы басшыларына қарсы шықты. Олар тағайындалғанына көп бола қоймаған директор Дәурен Аймақовты лауазымына лайықты емес деп отыр.

Сот-медициналық сараптама орталығының ұжымынан маза кеткен. Қызметкерлер наурыздың 17-нен бері осындай күй кештік, амалсыз ұжым ішіндегі ұрысты жұртқа жаюға тура келді деп жаңа басшының үстінен шағым айтты. Бірі Дәурен Аймақов  мекеме  қызметкерлеріне  дөрекі сөйлейді десе, енді бірі қорқытып үркітіп, қоқан лоқы көрсететінін айтты.

ЖАННА САТҚҰЛОВА, САРАПШЫ -БИОЛОГ

- Тіпті кабинетке кірген кезде  мені  орындарыңнан тік  тұрып неге қарсы алмайсыңдар дейді. Жиналыста барлық эмоциясын көрсетіп, жұмыс жасамайсыңдар ма  кетіңдер  деп үнемі ақырып-жекиді.  Біз міндетімізді орындаймыз.  Түсіне алмадық оны.

Мұнда мекеме қызметкерлері тіпті сыртқа шығу үшін де бастықтан сұранулары керек екен. Ең сорақысы жиналыста дәретханаға шығып келген маманға жаңа бастық жұрт көзінше сөгіс жариялапты.

ҚАЙРАТ БАЙБОСЫНОВ, ЖАЛПЫ САРАПТАМА БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

- Пятиминутка болып жатқанда жиналыста бес минутқа ма, бір минутқа ма туалетке шығып кеткен по нужде. Келіп еді коллективтің көзінде строгий выговор зенесение трудовой книжке деді. Бәріміздің көзімізше. Сосын боғауыз айтты оған. Менің көзімше.

Сараптама орталығының мамандары жаңа басшының  жұмыстан тыс уақытта қоңырау шалып, жиі  мазалайтынын айтады.Тіпті тіркеу бөліміндегілер  директордың бұл әрекетінен  шаршағанымыз сонша,  соңғы кезде жүйкені тыныштандыратын дәріні жиі пайдаланамыз дейді. 

ГҮЛЖАХАН АЙМАҒАНБЕТОВА, СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТІРКЕУШІСІ

- Үнемі жүйкемізді тоздырады. Жұмысқа шығуға беттен басамыз.  Түнде тіпті ұйқыдан қалдым. Аймақов деген фамилия ғана тұрады үнемі санамда.

Мұндай қорлыққа шыдамаған Мәйітхана қызметкері жаңа басшының лауазымына сай еместігіне сенімді. Ұжым мүшелері  құзырлы органдарға арызданыпты. Олар Дәурен Аймақовтың бұрын қызметін асыра пайдаланғаны үшін жауапты болғанын алға тартты. Бұл жөніндегі қолдарына түсірген деректерді дауыстап оқып берді. 

ЕРЛАН БУЗАЕВ, СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Номер уголовное делосы жазылған мына жерде.   Хараткер приступление дейді қызметтік ісін асыра пайдаланып сондай статьямен қолданған. Оны Сараркинский сот  дейді Астана қаласының 2 соты 2  жылға бас ботсандығынан  айыруыға  шешім қабылдаған. Білмейм енді ол тек сарапшы болса жарайды, ал басшылыққа келмейді  дұрыс емес деп ойлаймын.  

Қызметкерлердің бұл сөздерінен соң, басшының өзімен тілдестік. Алайда, ол,  оның өзінің жеке басына қатысты нәрсені жариялағысы келмейтінін айтты.

ДӘУРЕН АЙМАҚОВ, СОТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Ал мекеме мамандары,  жаңа басшысының тағайындалуына орай, әділет министрлігінен қайта тексеру жүргізуді талап етеміз деп отыр. Әрі тексеру қорытындысы ұжым үшін жария түрде болуын сұрайды.

Әлия Оразай

Тақырып бойынша материалдар

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 21 маусым 2019
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
20:50, 19 шілде 2017
Жыл басынан бері өңірде 7 бала суға батып кеткен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...