ШҰҒЫЛ! ОҚУШЫЛАР АСТАН УЛАНДЫ Толығырақ

«Әкім сағаты» хабарында тұрғыннан келіп түскен сұрақтарға жауап

16:50, 11 ақпан 2019

«Әкім сағаты» бағдарламасы бойынша арнаның WhatsApp Messenger әлеуметтік желісіне келіп түскен сұрақтарға жауап:

1. Сұрақ: Саламатсыз ба? Бердібек Мәшбекұлы. Біздер Рауан шағын ауданында тұрамыз. Бізге мектеп салынады ма екен.

Жауап: Ақтөбе қалалық білім бөлімі 2019-2020 оқу жылында Рауан елді мекеніне мектеп құрылысы жүргізілмейтіндігін хабарлайды. 5 жылдық жоспарға сәйкес 2022 жылы Рауан елді мекеніне 300 орындық мектеп салу жоспарлануда

2. Сұрақ: Біздер Рауан шағын ауданында тұрамыз. Көшелерімізде жарық жоқ. Емхана салып берсеңіздер екен.

Жауап: Ақтөбе қалалық білім бөлімі 2019-2020 оқу жылында Рауан елді мекеніне мектеп құрылысы жүргізілмейтіндігін хабарлайды. 5 жылдық жоспарға сәйкес 2022 жылы Рауан елді мекеніне 300 орындық мектеп салу жоспарлануда. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Рауан елді мекеніндемедициналық клиниканың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде туралы хабарлайды.

Сұрақ иесі: +7 701 652 4249

3. Сұрақ: №50 орта мектептің жағдайы өте нашар Заречный 1 елді мекеніне қашан мектеп салынады?

Жауап: «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес Заречный 1 елді мекенінде 2021 жылы 320 орындық мектеп салу жоспарда тұр. Сұрақ иесі: +7 701 139 215

  1. Сұрақ: Саламатсыздар ма? Биыл №42 мектепте жаңа жыл драма театрда 800 теңгеден өтеді деп отыр мектеп директоры. Мектепте шырша жоқ дейді. Сонда жаңа жылда мектепке ақша бөлінбейді ма?

Жауап: №42 орта мектеп әкімшілігі берген хабарламада, мектепте жаңа жылдық шараны өткізуге қажетті құралдары болмауына байланысты, ата аналардың келісуімен, драма театрда өткізілді.Барлық жасалған іс шаралар ата аналардың келісімімен жасалды.

Сұрақ иесі: +7 778 533 4842

  1. Сұрақ: Саламатсыз ба? Қызылжар елді мекені тұрғындар атынан. Мектеп оқушылары қосымша білім берумен қамтамасыз етілу жағдайы қашан жүзеге асады.

Жауап: Қызылжар елді мекеніндеҚызылжар орта мектебі және №73 орта мектептер жұмыс жасайды. Елді мекенде қосымша білім беру мекемесін ашуға қолайлығимаратболмағандықтанмектепоқушыларынақосымшабілім беру әзірге қарастырылмаған.Үйірмелер тек аталған мектептердің жоспарына сай жүргізіледі.

Қызылжар мектебінде домбыра үйірмесін ақысыз, мұғалім қоғамдық жұмыс есебінде би үйірмесін ашып жүргізуде, мектептіңтәрбиешісі қоғамдық жұмыс есебінде Әдеби-драма үйірмесін жүргізіп отыр.Оқушылары конкурстарға қатысып жүр. Баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, жас мерген, №11 спорт мектебінің филиалы таэквондан ақысыз жүргізілуде.

№73 ОМ оқушылары мектептегі үйірмелермен қатармектептен тыс уақытта жеке «Абай» оқыту орталығына барып қосымша білім алуда.

Елді мекенде қолайлы ғимарат болған жағдайда қосымша білім беру мекемелерін ашу мәселесі шешіледі. Ғимарат болмаған жағдайдаата-аналар тарапынан түскен сұранысты саралай келекелесі оқу жылынан бастап Ақтөбе қаласының білім бөліміқосымша білім беру мекемелерінің филиалдарының мектеп қабырғасында жұмыс жасау мүмкіндігін қарастырады

Сұрақ иесі: +7 747 961 7879

 

  1. Сұрақ: Қымбатты Бердібек Машбекұлы. Сіздің əкім сағатыңызда халық пен тікелей эфирдекездескеніңізге қуаныштымыз. Заречный 2 елді мекенінің Келешек аялдамасы маңында тұратын тұрғын үйлерде 7-15 жасарасындағы 30 бала бар. Бізде балаларға арналған жасыл футбол алаңы жоқ. Балалар асфальттың жиегіндегі алаңқайға ойнайды. Балаларымыздың өміріне өте қауіпті. БізгеНұрдана бала-бақшасының алдындағы алаңқайдан футбол алаңын салып беруіңізді өтінеміз.

Жауап: Қаланы және шағын аудандарды абаттандыру «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ құзырлығына жатпайды.

Сұрақ иесі: +7 747 324 0167

  1. Сұрақ: Саламатсыз ба? Заречный 4 елді мекені салынғанына 16 жыл болды, тұрақты автобусы жоқ, жалғыз асфальт төселген жолда көшеде атау берілмеген және жарықтандырылмаған. 49а деген маршрут екі сағатта бір жүреді. Қалаға қатынау қиындық туғызады.

Жауап: Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы Заречный-4 тұрғын үй алабының атаусыз көшелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, барлық құжаттар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына тапсырылып, тиісті аумақ халқының пікірі ескерілді. Ендігі кезекте қорытынды алу үшін Республикалық ономастикалық комиссиясына жіберілетін болады.

Сұрақ иесі: +7 702 567 1984

  1. Сұрақ: Заречный мектеп бала бақшасының оқушысымын. Мектепке сыймай жатырмыз

Жауап: Заречный 1 №50 орта мектеп жанындағы мектеп құрылысы аяқталған соң,Заречный 1 мектеп бала бақшасының,мектеп бөлімі жабылып жаңа мектепке көшіру жұмыстары жүргізіледі.

Сұрақ иесі: +7 702 594 5560

  1. Сұрақ: Саламатсыз ба? Дарын мектеп интернатына спорт зал салып берсениздер, спорт зал болмаған өте қиын.

Жауап: « Ақтөбе облыстық балаларға арналған мамандандырылған » ММ-сі «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ құзырлығына қарайды.

Сұрақ иесі: +7 702 106 4232

  1. Сұрақ: Саламатсыз ба? Менің қызым биыл 3-сыныпқа барады. №31 мекепте ешқандай үйірме жоқ. Ағылшан сабағынан беретін қосымша сабақ бар оның өзі жарты сағаты 1600 теңге тұрады. Оны шаққа төйлеміз, өзіміз пәтер жалдап тұрамыз. Жолдасымның жұмысы тұрақты емес. Мектеп ішінде тегін үйірмелер ашылса екен. Бір жағынани ағылшын, орыс тілі, математикадан қосымша сабақтарға бергім келеді. Оған ақшам жоқ.

Жауап: №31 мектеп әкімшілігінің хабарламасына сәйкес,жалпы мектепшілік үйірмеге 722 оқушы қатысады.Оның пайыздық мөлшері мектеп оқушыларының 60 пайызын құрайды. Мектептен тыс үйірмеге 109 оқушы қатысады, пайыздық мөлшері 9 пайызды құрайды. Осының ішінде 3 кластарға оқу жоспарына сәйкес 2 үйірме ақысыз түрде жүргізіледі. Олар:Шебер қолдар және ғажайып жазу әлемі. Бұл үйірмеге 3-5 класс аралығындағы барлық оқушылар ақысыз түрде қатыса алады. 3 кластардан 119 оқушыдан, 39 оқушы ақылы ағылшынға қатысады. Ақылы ағылшын бағасы айына 2000 теңге, аптасына 2 рет, 1 айда 8 сабақ өткізіледі. Ақылы ағылшынға ата-аналардың келісімімен, қамқоршылық кеңесінің келісуімен өткізіледі. Оқушылар ақылы үйірмеге ата анасының келісімімен өз еріктерімен қатыстырылады. Мектепте тәрбие жұмысына бағытталған іс шаралар жиі жүргізіледі.

Сұрақ иесі: +7 705 111 6483

  1. Сұрақ: Саламатсыз ба? Бердібек Машбекұлы, Әуе қалашығы районындағы №72 мектебі қашан ашылады? 

Жауап: Ақтөбе қалалық білім бөлімі Әуе қалашық елді мекеніндегі №72 мектеп 2019 жылдың 10 қаңтарынан бастап ашылғандығын хабарлайды.

Сұрақ иесі: +7 708 761 9303

  1. Сұрақ: Саламатсызба, Бердібек Мəшбекұлы? Заречный-1 тұрғындары көшемізде ат жоқ, халық Наркология деп атайды, көшемізге ат берілсе жəне көшеге жарық қондырылса деп сізге өтінеміз.

Жауап: Заречный-1 тұрғын үй алабының5 атаусыз көшелеріне2018 жылы атаулар берілді. Ендігі кезекте «Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ тарапынан аншлагтар ілінетін болады.

Сұрақ иесі: +7 747 135 2706

  1. Сұрақ: Саламатсыздар ма? Мен «НұрАқтөбе» қаласының тұрғынымын. Бізге мектеп, балабақша, қыста балалардың ойнайтын жері жоқ.

Жауап: Нұр Ақтөбе ықшам ауданында N60 орта мектеп орналасқан. Аталған мектеп ауласы, мектеп ұжымымен бірлесіп аббатандырылап, тұрғындардың кешкі уақыттағы, демалысына жағдай жасалған. Нұр Ақтөбе мөлтек ауданында орналасқан N50 бала бақша қажетті талапқа сай, балалрға арналған ойын алаңдары салынған. Ауданда балалар алаңын салу қалалық білім бөлімнің құзырына жатпайды. Осы өтінішіңізді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына ұсынуынызғаболады.

2019 жылдың қыркүйек айында, Нұр Ақтөбе ықшам ауданының 4 ші мөлтек ауданында 900 орындық мектеп қолданысқа беріледі. Сонымен қатар 2020 жылы Нұр Ақтөбе ықшам ауданының 1 мөлтек ауданында 900 орындық мектеп құрылысын жүргізу жоспарға қойылған.

Сұрақ иесі: +7 771 310 8140

  1. Сұрақ: Баурластарда жер беріп еді. Қашан свет, газ, су жүреді. Заречный 1 лесқас трасы деп атайды. Көшенің аты қазақша қойса болар еді.

Жауап: Заречный-1 тұрғын үй алабының 5 атаусыз көшелеріне2018 жылы атаулар берілді. Ендігі кезекте «Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ тарапынан аншлагтар ілінетін болады. Лесхоз трассасы деген атау халықтың арасында ауызекі тілде қолданылыпжүрген атау. «Мекенжайлықтіркелім» ақпараттық жүйесінде ресми бекітілмеген.

Сұрақ иесі: +7 705 700 5576

  1. Сұрақ: Саламатсыз ба? Қызылжар ауылының жастарына қолдау көрсетуіңізді сұраймын. Жастар үшін айналысыатын ешқандай нысан жоқ. Қаланың тап қасында тұрып, ешқандай көңіл бөлінбей тұр. Биыл 2019 жыл – жастар жылы деп жариялады Елбасы. Қызылжар ауылына спорт кешені салынса екен. Көп рахмет.

Жауап: 2019 жылы Қызылжар поселкесінеспорт кешенін салу жоспарланбаған.

Қазіргі таңда Қызылжар поселкесінежақын Нұр-Сити ауданында Бокс орталығын салуға жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

Сұрақ иесі: +7 777 295 7017

  1. Сұрақ: Саламатсыздар ма? Мен Қызылжар 2 шағын ауданының тұрғынымын. Балаларым №73 мектепте оқиды. Мектепте орыс тілі, математика, ағылшын тілі сабақтарынан қосыша сабақтар және спорттық үйірмелер ашылуын сұраймын. Балаларыма Жилянкаға қатынау қиын. 

Жауап: №73 орта мектептебілім беру мемлекеттікстандартқасай құрылған мектептіңоқужоспары негізінде жүзеге асырылады. Аталған пәндерден қосымша сабақты факультатив ретінде оқушылардың қызығушылығын ескере отырып жоспарға сай өткізеді.Жаңа оқу жылында факультативтер ұйымдастырылуы тиіс пәндерді анықтау үшін мектеп әкімшілігі сауалнама жүргізеді. Мектеп оқу жоспарынан тыс қосымша сабақтар ұйымдастырмайды.

Сұрақ иесі: +7 747 856 0280

  1. Сұрақ: Ассалаумағалейкум, Құрметті Бердібек Машбекұлы. Сіздің Ақтобе облысына деген ерен еңбегіңіз ұшан теңіз. Сізге қояр сауалым білім мəселесі жөнінде. Қазіргі 1-ші сынып оқушыларына 3 тілді меңгерту қолға алынуда. Сыныптарда 32 немесе 37 оқушы білім алуда. Мені осы балдардың білім сапасы алаңдатады. Бұдан қандай оң нəтиже күтуге болады. Осы мəселеге көңіл бөлсеңіз деймін. Рахмет.

Жауап: Қалалық мектептерде класс комплект 25 оқушыдан, ауылдық жерде орналасқан мектептерде 20 оқушыдан кем болмаған жағдайда,класқа бөлу қарастырылған. Сондықтан 32 баланы 2 класс комплектіге бөлу мүмкін емес.Тұрғылықты жеріңізге жақын жерде орналасқан мектептер болған жағдайда, балаңызды оқушылар саны аз мектепке орналастыруыңызға болады.

Сұрақ иесі: +7 705 838 9274

  1. Вопрос: Будет ли финансирование в декабре месяце текущего года в детских садах которые заключили договор с отделом Образования по ГЧП ? Так как в декабре месяце сказали не будет денег и расчитывать на получении зарплаты не рассчитывайте

Ответ: ГУ «Отдел образования города Актобе» сообщает,что на сегодняшний день образовалась кредиторская задолженность перед частными детскими садами за декабрь месяц 2018 года,так как Акт выполненных работ за предоставленные услуги утверждается в январе 2019 года. На сегодняшний день формируется годовой бюджет,после утверждения финансовых средств в органах Казначейства,в январе месяце нами будет произведена оплата за декабрь 2018 года.

От кого: +7 702 031 3796

  1. Сұрақ: №42 мектепке жөндеу жұмысы керек. Мектеп терезелері 15 рет боялған. Не ашылмайды, не жабылмайды. Бір класста 20-30 бала оқиды. Барлығы 700 бала білім алуда. Ата-аналар атынан өтініш, жөндеу жұмысын жасап берсеңіз.

Жауап: Аталған мəселе бойынша басшылық назарында.Күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат қорына сұраныс білім басқармасына жіберілді.

Сұрақ иесі: Айман Жұматаева, Ақтөбе қаласы

  1. Сұрақ: Ақтөбе қаласының кішкентай тұрғыны Адай Ардақ хоккей орталығының ашылғанын ақатты қуанады. Мұзайдынына, хоккей орталығына бару үшін облыс әкімінен коньки алып беруді сұрайды. 

Жауап: Мұз айдынына бару үшін оқушыларғаконьки сатып алып беруге«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қаражат қарастырылмаған.Ақтөбе қаласының білім бөлімі дене шынықтыру сабағының бағдарламасында коньки тебуге үйрету қарастырылмағандықтан заң шеңберінде коньки сатып алу мәселесін шешу жолдарын іздестіреді.

Сұрақ иесі: 8-701-244-32-47

 

Тақырып бойынша материалдар

И.Кузбаев - Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары
17:01, 11 ақпан 2019
И.Кузбаев - Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары
Толығырақ...
Ұ.Ә.Мыңбаев Қала әкімінің бірінші орынбасары
16:40, 11 ақпан 2019
Ұ.Ә.Мыңбаев Қала әкімінің бірінші орынбасары
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 БИЫЛ 1000 ОТБАСЫНА 2 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
20:34, 16 сәуір 2019
БИЫЛ 1000 ОТБАСЫНА 2 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...