ШҰҒЫЛ! Шалқар ауданы 8 айды қорытындылады Толығырақ

170 лауазымды тұлға пара алып жұмысынан босаған

17:47, 6 қыркүйек 2017

Өңірде жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылуы қаралды

Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия қалай жүзеге асырылып жатыр? Бүгін бұл мәселе облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралды. Жауапты мамандар алты айда атқарған жұмыстарын жіпке тізіп, арнайы мониторингтік топ қызметінің нәтижесін баяндады.

Департамент басшысының айтуынша, әлі күнге дейін мемлекеттік қызмет талапқа сай көрсетілмей отыр. Қағазбастылықтың үлесі жоғары. Мәселен, жыл басынан бері, осы салада құқық бұзғаны үшін 22 адамға айып тағылды. Бұдан бөлек, 170 лауазымды тұлға жұмысынан босатылған. Басым бөлігі - облыстық басқармалар, Ақтөбе қаласы мен Хромтау аудандық әкімдік аппараттарының қызметкерлері. Осылай деген департамент басшысы жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсатын еске салды. 

Әдеп кеңесінің төрағасы қызметтік көлікті беймезгіл уақытта өз мақсаттарына пайдаланатындарға қолданылған шаралар туралы да айтты. Ал депутаттар қызметті көлікті беймезгіл уақытта жұмысқа қатысты пайдаланудың заңды жолдарын қалай шешуге болатынын сұрады.

ҚАЙЫРЖАН ТОҚУШЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ

- Сіз қызметтік көлікті пайдаланар кезде жолсапар парағына жай ғана қала бойынша жүреді деп жазбаңыз. Мәселен, саябақ болса, нақты атауы, жүру уақыты жазылуы тиіс. Егер көлікте туысы отырса, өз мақсатына пайдаланса, онда біз тиісті шара қолданамыз.

Бүгінде облыста сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында ауқымды істер қолға алынды. Мәселен, 381 еріктілер клубы ашылды. Оған 21 мыңнан аса оқушы мүше. Бұдан бөлек, аудан орталықтары мен елдімекендерде ақпараттық стендтер ілініп, халыққа түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

Жұлдыз Алмасқызы, Миржан Аманжолов

Тақырып бойынша материалдар

"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу
16:13, 12 қыркүйек 2017
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу
Толығырақ...
Әйгілі "Көкжар" жәрмеңкесі қайта жаңғырды
18:45, 8 қыркүйек 2017
Әйгілі "Көкжар" жәрмеңкесі қайта жаңғырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Ақтөбе  -  құтты  мекен" форумына  әлемге танымал жерлестеріміз келеді
14:58, 19 қыркүйек 2017
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестер...
Толығырақ...
Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды
17:45, 18 қыркүйек 2017
Мұғалжар ауданының күндері қорытындыланды
Толығырақ...
Ақтөбеліктер жәрмеңкеден олжалы қайтты
14:05, 18 қыркүйек 2017
Ақтөбеліктер жәрмеңкеден олжалы қайтты
Толығырақ...