ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Әйгілі "Көкжар" жәрмеңкесі қайта жаңғырды

18:45, 8 қыркүйек 2017

Қазақ тарихында айшықты орны бар әйгілі Көкжар жәрмеңкесіне - 150 жыл.

Ойыл ауданы жаңғырған жәрмеңкенің тарихи маңызын, ээкономикалық әлеуетін ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен ауқымды шара өткізуде. Екі күнге жоспарланған жәрмеңкеге облыстың әр түпкірінен және алыс-жақын шетелден меймандар келіп жатыр. Мерейтойдың негізгі бағдарламасы ертең, сенбі күні өтеді.

ЖҰЛДЫЗ АЛМАСҚЫЗЫ, ТІЛШІ

- Аты аңызға айналған «Көкжар» жәрмеңкесі қайта жаңғырды. Уақытты кері айналдырып, он тоғызыншы ғасырды оралтқандай болды. Ауқымды шара екі күн бойы Ойылды ән мен күйге бөлейді.Мерейтойға Ақтөбеден бөлек, көршілес Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан делегаттар келді

Шара - «Қазақстан сауда тарихында Көкжар жәрмеңкесінің алатын орны, саяси-жағырапиялық және стратегиялық маңызы» атты өңірлік ғылыми практикалық конференциядан басталды. Онда жәрмеңке туралы бүгінгі күнге дейін зерттелмеген тың деректер айтылды. Белгілі тарихшылар өз баяндамаларын оқып, Ұлы Жібек жолында жаңғырған жәрмеңкені тағы бір еске салды.

Ал, негізгі шаралар 9-шы қыркүйек күні өтеді. Салт-дәстүрлеріміз насихатталады.18 ғасырда салынған сауда орындарында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, ойын-сауықтық бағдарламалар өтеді. Керуен көші жүріп, театрландырылған көрініс қойылады. Бес өңірден келген әнші-жыршылар Құрманғазы, Дина, Мұхиттардың ізін жалғап, дәстүрлі әндерді орындайды.

ЖҰЛДЫЗ АЛМАСҚЫЗЫ, ТІЛШІ

- Бұл мерейтойды көрген де, көрмеген де арманда! Бастысы, жұртшылықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Алаңда 25 киіз үй тігіліп, этноауыл құрылды. Ал, шара соңы «Көкжар әуендері» атты аудан өнерпаздарының гала-концертімен қорытындыланбақ

Жұлдыз Алмасқызы, Жанәділ Сағиев

Тақырып бойынша материалдар

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
15:33, 4 сәуір 2018
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
"ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ"  ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
17:10, 30 қаңтар 2018
"ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ" ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу
16:13, 12 қыркүйек 2017
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...