ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

Халық әндері жаңа бағытта шырқалды

17:32, 25 тамыз 2017

Ақтөбеде тұңғыш рет республикалық "Жібек жолы" эстрадалық ән байқауы өтті.

Онда халық әндері жаңа бағытта шырқалды. Сайысқа еліміздің тоғыз өңірінен 15 өнерпаз қатысты. Нәтижесінде, бас жүлдені ақтөбелік Нұртас Омаров жеңіп алды.

Байқау - Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтті. Талап бойынша қатысушылар екі әннен орындады. Оның алғашқысы Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жыраулардың туындылары болуы қажет. Атап айтсақ, Қызыл, Батақтың Сарысы, Наурызбек, Кердері Әбубәкір, Молдабай, Шернияз, Нұрпейіс Байғанин, Бәкір Тәжібаев және өзге де атақты тұлғалардың шығармалары, эстрадалық бағытта шырқалуы тиіс. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұл байқауды халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр. 

Мұндай сайыс Ақтөбеде тұңғыш рет ұйымдастырылса да, елімізге танымал бірқатар әнші, жыршының басын қосты. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласынан келген үміткерлер қатысты. Ал, олардың өнерін белгілі композиторлар, мәдениет қайраткерлері мен әншілер бағалады. Нәтижесінде, бас жүлдені ақтөбелік Нұртас Омаров жеңіп алды. Оған 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Бірінші орын 300 мың теңгені алматылық Қазыбек Әбу иеленсе, екінші орынды қызылордалық өнерпаз Әйгерім Өнербек 150 мың теңгені еншіледі. Ал, жерлесіміз Еркебұлан Құмаров пен оралдық Айдана Орынғалиева үшінші орынға 75 мың теңгеге ие болды. Бұдан бөлек, Сейіт Бағдат пен Арайлым Жүкенова дипломант атанды. Байқау жеңімпаздарын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев марапаттады.   

Тақырып бойынша материалдар

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
15:33, 4 сәуір 2018
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
"ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ"  ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
17:10, 30 қаңтар 2018
"ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ" ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу
16:13, 12 қыркүйек 2017
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар