Қалаға бір миллиард теңгеге автобус сатып алынады

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

14:08, 10 тамыз 2017   231

Жиын барысында депутаттар 2017 жылға белгіленген облыс бюджетін талқылады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Смағұловтың мәліметінше, өңір бюджетіне қарастырылған қаржынының жалпы көлемі бір миллиард төрт жүз он үш миллион 42 мың теңгені құрайды. Оның бір миллиард теңгесі "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына бағытталды. Бұл қаржыға Қазақстанның даму банкі арқылы 100-ден астам жаңа автобус сатып алынбақ.

ОЛЖАС СМАҒҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Өздеріңізге белгілі, қазір автопарктердің жағдайы айтарлықтай мәз емес. Техникалары ескіріп, тиістіі талапқа толықтай жауап бере алмайды. Қалада қандай облыс көлеміндегі халі сондай. Тұрғындар тарапынан шағым жиі түседі. Сыйымдылығы үлкен автобустардың жетпейтіндігі байқалып отыр. Күніне шығу керек 445 автобустың орнына 360-ы ғана шығады. Ал, автобустардың 95 пайызында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін  жағдай қарастырылмаған. Сондықтан заманауи техникамен жабдықталған ыңғайлы әрі сапалы автобустарды сатып алу қажеттігі туындап отыр

Оның 140 миллион теңгесі облыстық білім басқармасына оқулықтар алу үшін бөленеді. Яғни биылғы оқу жылында жаңаша бағдарламамен оқитын  бірінші, екінші, бесінші және жетінші сынып оқулықтарының жаңасы алынбақ. 184 миллион теңге  облыстық денсаулық сақтау басқармасына бағытталды. Мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында мемлекеттік тапсырыстарды орындау үшін. 32 миллион теңгесі индустриялды аймақтағы су тасқыны кезінде істен шығып қалған желілерді қайта жөндеу үшін беріледі. Алайда, халық қалаулыран бір ғана сұрақ қызықтырды. Автобустарды бюджет қаржысына сатып алудың қаншалықты дұрыс екені.

 

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44