ШҰҒЫЛ! 969 адам жұмыспен қамтылды Толығырақ

"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу

16:13, 12 қыркүйек 2017

Қызмет көрсету саласында бірқатар кемшіліктер анықталды

Ақтөбе үлкен шараға дайындық үстінде. "Ақтөбе - құтты мекен" форумына қатысушыларға қаладағы мейрамханалар мен қонақ үйлер талапқа сай қызмет көрсетуі тиіс. Облыс әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жауаптыларға осылай деп міндеттеді.

Елбасының "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 28-29 қыркүйек күндері облыс орталығында "Ақтөбе - құтты мекен" форумы өтеді. Оған 15 елден келетін осы өңірден шыққан 300-ге жуық азамат қатысады. Мақсат - Ақтөбеден шыққан танымал адамдарды, ірі кәсіпкерлерді облыстың әлеуметтік дамуына үлес қосуға шақыру, туған жерге деген сүйіспеншілікке үндеу. Қазір ауқымды шараға дайындық қызу. Көше жолдары жөнделіп, жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылып жатыр. Форум кезінде шаһардағы қонақ үйлер, мейрамханалар, әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал келушілерге талапқа сай қызмет көрсетуі керек деді облыс әкімі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Келген қонақтарға біз қалай қызмет жасаймыз? Біздің қонақ үйлер, ресторандар, сау а орындары, мына базарлар, ол енді келген адамдар барып көргісі келеді. Мына жердегі сауда орындары қалай екенін, базарлар қалай екенін, баға қалай екенін, мәдениет қалай екенін, қазіргі заманның талабына сай қызмет жасай ма, жасамайма екендігін. Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін инвестицияға қосымша біз туризмді дамытуымыз керек. Неғұрлым біздерге туристер көп келетін болса, соғұрлым бізге ақша түседі, салық түседі. Қанша туристің қанша шығын жасайтынын оны да өздеріңіз білесіздер

Бүгінде Ақтөбеде 32 қонақ үй, 180 мейрамхана мен 13 сауда орны бар. Басым бөлігі - халықаралық стандартқа сай емес. Қызмет көрсету деңгейі көңіл көншітпейді. Мамандар мониторинг жүргізу кезінде бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Барлығы 189 шағым түскен. Оның 54 пайызына тиісті шара қолданды. Атап айтсақ, қызмет ақысы тым жоғары, ас мәзірі талапқа сай емес. Wi-Fi интернет жоқ. Әрі жиһаздары ескі. Абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізілмеген болып шықты. 

АНАР ДАРЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Мемлекет тарапынан бизнесті дамыту мақсатында барынша қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, "Бизнесті дамытудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында "Шығыс" базары, тұрмыстық үйі мен бірқатар гипермаркеттер қайта жаңғыртылды. Біз өткен демалыс күндері тиісті нысандарға тексеріс жүргіздік. Байқағанымыз, әкімшілер өз басшыларының аты-жөнін, ас мәзірінің қалай болатыны жөнінде хабары жоқ. Тіпті, қарапайым ережелерді білмейді

Бұрын мейрамхана бизнесіне лицензия беріліп келді. Әрбір тағамға сертификат тағайындалатын. Қазір мұның бәрі тоқтатылды. Санитарлық нормаларға сай, бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды. Белгілі болғаны, кейбір мейрамханаларда даяшылар дөрекі сөйлейді. Қызмет көрсету деңгейі төмен. Арнайы тренингтер мен шеберлік класстарын өткізу қажет. Ол үшін шетелдік сарапшылар шақыртылды. 

ИБРАГИМ  КОРУЯН, МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ САРАПШЫСЫ

- Мен туризм саласында жұмыс жасағаныма 20 жыл. Ақтөбеге екі ай бұрын келдім. Мейрамхана бизнесінде кемшіліктер бар. Тренингтер, шеберлік класстарын өткізу қажет. Қазір ас мәзірін өзгерттік. Келесі аптадан бастап жаңаша бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Жергілікті билік бұл саланың дамуы үшін ерекше көңіл бөлуде

Облыс әкімі форумға келетін қонақтардың қауіпсіздігін бақылауға алуды тапсырды. Мамандардың айтуынша, қылмыстардың басым бөлігі - түнгі уақытта жасалады. Кейбір нысандарда бейнебақылау камерасының сапасы нашар. 

ҚАНЫБЕК ЖАҚСЫҒАЛИЕВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Қылмыс болған жерде іште камера барда, кейбір камералар мутный. көпшілігіне штраф салып жатырмыз 500 мыңдай. Сондықтан мына кісілер қараса освещение жоқ болғаннан кейін, сырттағы төелес көрінбейді. Сондықтан, освещение болу керек. Соңғы сұрақ, рыноктардағы порковка. Колхозныйда остоновка, стоянка запрещена жасадық. Енді басқа рыноктарда прорковка қарау жөнінде қарау туралы ұсыныс айтам

Мейрамханалар мен қонақ үйлер халықаралық стандартқа сай болуы тиіс. Әрі қала аумағында абаттандыру жұмыстары күшейтіліп, тәртіп сақталуы керек. Сондай-ақ, форум кезінде сауда орындарында азық-түлік бағасы қымбаттамауы қажет. Жиынды қорытындылаған Бердібек Сапарбаев кемшіліктерді жою үшін жауаптыларға екі апта уақыт берді.

Жұлдыз Алмасқызы, Нұрбек Отаров

Тақырып бойынша материалдар

Әйгілі "Көкжар" жәрмеңкесі қайта жаңғырды
18:45, 8 қыркүйек 2017
Әйгілі "Көкжар" жәрмеңкесі қайта жаңғырды
Толығырақ...
170 лауазымды тұлға пара алып жұмысынан босаған
17:47, 6 қыркүйек 2017
170 лауазымды тұлға пара алып жұмысынан босаған
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...