ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

15:33, 4 сәуір 2018

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру одан әрі жалғасады. Бүгін халықтық кеңседе кезекті жиын өткізген қала әкімдігінің қызметкерлері осылай деді.

"Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінде өткен алғашқы жиынға қалалық ішкі саясат, мәдениет және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Олар, Елбасының мақаласында айтылған міндеттерді орындау мақсатында атқарылған жұмыстарды қортындылап, алдағы міндеттерін айқындады. Белгілі болғандай, "Туған жерге тағзым" акциясы мен өзге де ауқымды шаралар одан әрі жалғасын табады.

"Рухани жаңғыру" тәрбие және білім, ақпарат толқыны, атамекен және рухани қазына атты төрт кіші бағдарламадан тұратыны белгілі. Соңғы аталған бағыт бойынша енді әр сәрсенбі сайын халықтық кеңседе шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Бүгін мұнда келген қала тұрғындары Қазанғап атындағы өнер мектебінің концертін тамашалады.

Бұл музыкалық бағдарлама ақтөбеліктерге үлкен әсер қалдырды. Мұнда орналасқан түрлі мемлекеттік мекемелерге келген олар ән тыңдап, көңілдерін көтерді.

Қала билігі мұнда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жоспарлаған шараларды өткізетін бодады.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тегтер: Ақтөбе жаңалықтары, Ақтөбедегі оқиғалар, Ақтөбе қаласының соңғы жаңалықтары, рухани жаңғыру 

Тақырып бойынша материалдар

"ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ"  ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
17:10, 30 қаңтар 2018
"ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ" ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу
16:13, 12 қыркүйек 2017
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу
Толығырақ...
Әйгілі "Көкжар" жәрмеңкесі қайта жаңғырды
18:45, 8 қыркүйек 2017
Әйгілі "Көкжар" жәрмеңкесі қайта жаңғырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар