ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

"ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ" ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

17:10, 30 қаңтар 2018

 «Жыр алыбы-Жамбыл». Жамбыл Жабаевтың 100 жылдығына арналған жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен  Қазанғап атындағы өнер мектебінде  өткен  шараға  7-10-шы класс оқушылары қатысуда.  Жеңімпаздар  республикалық айтысқа жолдама алды.

Айтыстың мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын паш ету, қазақтың төл өнерін насихаттау.  Байқаудың ережесіне сай,  үміткердің  поэзияны сүйетін, өз ойын жан-жақты жеткізе  білетін, суырып салмалық қасиеті болуы маңызды.

Айтысқа қатысып жатқан өрендер ел-жер тарихы, қоғам қайраткерлері, тіл, ауыл мәселесі, оқу мен тәрбие жайында  тақырыптарда  айтысты. Әр жұпқа 20 минут берілді. Ал, оларға  танымал өнер иелері төрелік етті. Қазақтың бекзат өнері  деп аталатын айтысқа  жастар тарапынан қызығушылық өте жоғары дейді ұстаздар.

Айтыстың қорытындысы бойынша,  Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балалар мектеп-интернатының оқушысы Нұрбол Жауынбаев жеңімпаз атанды. 

Ол   дипломмен марапатталып,   22-24 ақпан күндері Алматыда өтетін  «Жыр алыбы-Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысына қатысу мүмкіндігін жеңіп алды. 

Венера Серғазина, Бақытжан Едігеев "Ақтөбе телеарнасы"

Тақырып бойынша материалдар

"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
15:33, 4 сәуір 2018
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу
16:13, 12 қыркүйек 2017
"Ақтөбе - құтты мекен" форумына дайындық қызу
Толығырақ...
Әйгілі "Көкжар" жәрмеңкесі қайта жаңғырды
18:45, 8 қыркүйек 2017
Әйгілі "Көкжар" жәрмеңкесі қайта жаңғырды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...