ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

10 мың студент - 30 ұлттың өкілі

17:22, 26 ақпан 2018

Ақтөбелік студенттер "Алғыс айту" күнін атап өтті. Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерімен бірлесе отырып дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кітап көрмелері мен тарихи естеліктер де дәл осы мерекеге арналды.

Университетте өткен шара "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз" деп аталды. Бұл наурыздың бірінде күллі Қазақстан жұрты тойлайтын "Алғыс айту" күніне орайластырылды. Студенттер маңызды мерекені өз деңгейінде атап өтуді ұйғарыпты. "Бұл тек алғыс айту күні емес, ол сондай-ақ, достықтың, бірліктің мерекесі", - дейді олар.

Бүгінде қазақ жерінде өсіп-өнген ұлттар өкілдері жетілді, кемелденді. Елбасының бастамасымен шаңырағын тіктеген Қазақстан халқы ассамблеясы ұлттар татулығының үлгісі екендігін әлем мойындады. Бір тілекті ту еткен мемлекеттің ең басты жетістігі Қазақ елінің тәуелсіздігі.

Тағылымды шараға ассамблея өкілдері мен "Қоғамдық келісім" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, университет ұстаздары да шақырылды. Білім ордасында бүгінде 10 мың студент білім алып жатыр. 30 ұлттың өкілі бар.

Қазір елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Айта кеткен жөн, "Алғыс айту" күні мерекесі биыл үшінші жыл қатарынан атап өтіледі.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕ МЕН НӨКІСТІҢ СЕРІКТЕСТІГІ СЕРПІН АЛАДЫ
22:02, 28 ақпан 2020
АҚТӨБЕ МЕН НӨКІСТІҢ СЕРІКТЕСТІГІ СЕРПІН АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
23:28, 21 ақпан 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
Толығырақ...
АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ЖОЛДАМА БЕРІЛЕДІ
23:30, 21 ақпан 2020
АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ЖОЛДАМА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...