ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

18:40, 11 қараша 2019

10 жастағы ақтөбелік дизайнер Әйгерім Мұратқызы "Алтын оймақ" байқауының жеңімпазы атанды. Ол 1 млн.теңге ақшалай сыйлығына жаңа коллекция дайындап жатыр. Жүннен тоқылған киімдерген фелтинг технологиясы арқылы суреттер салады. Екі жылдың ішінде өзінің жеке брендэн қалыптастырған жерлесіміздің тұрақты тұтынушылары да бар.  Күні-түні төккен тер мен еселі еңбек. Жас шебердің болашағынан зор үміт күтуге болады. Қолы қалт етсе қолөнермен айналысатын Әйгерім оқуда да озат. Сурет, қолөнер үйірмелеріне қатысады. Сүйікті ісін танымал дизайнерлерден үйренген. Қазір ол кезекті топтамасын әзірлеу үстінде. Эскизі дайын, шебер қыз шаруаға кірісіп те кетті. Сән қуып, оған жету қиын. Ал ұлттық нақыштағы киімдер әрдайым сұранысқа ие. Этно-дизайнер Әйгерім Мұратқызы қазақстандықтардың киіну үлгісіне өзгеріс алып келуді армандайды. Әсіресе, көшпелі халықтарға тән киізден жасалған өнімдер жасау. Себебі ол табиғи, экологиялық таз тоқыма өнім,-дейді Әйгерім.Әйгерімнің көмекшісі ата-анасы. Ал қолөнерге деген ынтасын сурет үйірмесіндегі ұстазы байқапты. "Әй керім" студиясында қазір 10 ға жуық адам жұмыс істейді. 7 іс машинкасы бар. Балғын қыздың қиялындағы киім-кешекті жүзеге асыруға көмектесетін де осы кісілер. Бизнеспен айналысу емес, қазақтың өзіндік брэндын қалыптастырып, әлемге таныту. Бұл-Әйгерімнің арманы. Халықаралық көрмелереге қатысып, үздіктер қатарынан танылып жүрген жерлесіміз жайлы толығырақ "Қазақстанда жасалған" бағдарламасынан көре аласыздар.

ЖАНАР ДАТҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...