ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

108 ЖОЛАУШЫ ПОЙЫЗДА БИЛЕТСІЗ ЖҮР

21:13, 6 желтоқсан 2019

«Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі пойыздарға рейд жүргізді. Рейдке көліктегі бақылау инспекциясы және желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бірге шықты. Барлығы 13 жолаушылар пойызы тексерілген. Оның 9-ы республикалық, өзгесі халықаралық бағытта қатынайды. Тексеру кезінде 108 жолаушыда билет болмаған. Оның 93-і ел ішіндегі қалалар мен станцияларға құжатсыз мінген. Сонымен қатар ТМД елдеріне қатынайтын пойызға мінген 13 жолаушының билеті табылмады. 350 келі жүк рәсімдемеген. Барлығына 330 мың теңге айыппұл салынды. Билетсіз жүрген адамдар жолаушылар тасымалы компаниясына билет құнын 10 еселеп қайтарады. Жолсеріктер де жазадан құтылмайды, оларға да айыппұл салынды. 

Тақырып бойынша материалдар

СТАРТОВАЛ  ПЯТЫЙ  СЕЗОН  ШКОЛЫ  ГОССЛУЖАЩИХ  "МАНСАП"
20:03, 22 қаңтар 2020
СТАРТОВАЛ ПЯТЫЙ СЕЗОН ШКОЛЫ ГОССЛУЖАЩИХ "МАНСАП"
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар