ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

11 АҚТӨБЕЛІК БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

19:23, 24 сәуір 2019

Тұрмысы төмен, көпбалалы, толық емес отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер мен бюджеттік ұйым  қызметкерлері баспаналы болды. Қоныс иелеріне пәтер кілтін облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова табыстады. Әріптесім Гүлдана Абайқызы  "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көрген тұрғындардың қуанышымен бөлісіп келді. 

6 жасынан жетімдіктің ащы дәмін татқан Болат  Шүкіров өз көзіне өзі сене алар емес.  Кең, жарық, әрі жып-жылы. Ең бастысы- өзінікі. Балалар үйінің түлегі осы уақытқа дейін "Мейірім" әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрды.Темір жол колледжін тәмамдап, қазір кішігірім кәсібін дөңгелетіп отыр. Баспанасы бар, енді үйленіп, отбасын құрсам деп армандайды. 

Болаттан бөлек, бүгін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджеттік ұйым қызметкерлері, көпбалалы және толық емес 11 отбасы өз үйлеріне қол жеткізді.  Қоныс иелерін Облыс әкімі Оңдасын Оразалин құттықтап, пәтер кілттерін табыстады.

Табысы мен жұмыс өтілінің аздығына байланысты, "Нұр Ақтөбе"  шағын ауданында орналасқан пәтерлер сатып алу құқығымен жалға берілді.  Бағдарламаға қатысушы 6 жыл ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі өз депозитінде пәтер құнының 50 пайызын жинауы тиіс. Сәйкесінше, ай сайын шотына шамамен 35 мың теңгеден салуы қажет. Одан соң, банк қалған 50 пайызын жылдық 4,2 пайыз мөлшерлемесімен несиеге береді. 

ГҮЛДАНА АБАЙҚЫЗЫ
 

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...