ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

11 МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ МАРАПАТТАЛДЫ

17:31, 15 мамыр 2019

Бүгін Ақтөбеде "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының 1-кезеңінде топ жарған отбасылар марапатталды. Шара 15-ші мамыр Халықаралық отбасы күніне орайластырылып отыр. Қалалық додаға қатысқан отбасыларды шаһар басшысы Ілияс Испанов марапаттады.
Бүгін Анаға тағзым орталығында мейрам. Мұнда отбасы құндылықтарын көрсетіп, бірлік пен татулықты паш етіп жүрген отбасылар жиналды. Ақжаулықты аналар, ақсақалдар мен немерелер де осында. Елбасының бастамасымен қолға алынған "Мерейлі отбасы" байқауы биыл елімізде 6-рет өткізіліп отыр. Осы уақыт аралығында байқау халық арасында кеңінен танылып, көптеген үлгілі отбасыларды танытты. 

Байқауға қатысқан барлық отбасы жеңіске лайық. Бірақ жеңімпаз біреу ғана. Ол - 103 жастағы Жәкібай Бисенғалиеваның отбасы. Ғасырдан асқан әжейдің немере, шөбере, шөпшек, неменесі мен жүрежаты да бар. Қала әкімінің қолынан 150 мың теңгенің сертификатын алды. Кейуананың қимылы ширақ.  

"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына 22 отбасы қатысты. Іріктеуден 11-і ғана өтті. Сайыс нәтижесінде Бисенғалиевтер, Қартбаевтар, Әбілдаевтар мен Омаровтар отбасы озық шықты. Енді олар облыстық "Мерейлі отбасы" байқауында бақ сынайтын болады. Жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. 
Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...