ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

11 МЫҢ ТОННА ЖЫЛЫЖАЙ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

20:44, 3 наурыз 2020

Инвестиция тарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта өңірде жыл өткен сайын жылыжай шаруашылығы дамып келеді. 2019 жылы облыс орталығында 11 мың тонна өнім өндірілді. Ал жылыжай аумағы 35 гектардан асты. Ақтөбенің қызанағы мен қиярына қай елден сұраныс жоғары? Келесі бейнематериалда.  "Грин Кэпитал Қазақстан" серіктестігінің жылыжайы өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың бірі. Ауыл шаруашығы саласын дамыту мақсатында "Аграрлық несие корпорациясы" қолдау көрсетті. Бір мезетте 120 жаңа жұмыс орны ашылды. Еңбекке араласқандардың көбі жылажай орналасқан ауылдан. Андрей Казаевтің негізгі мамандығы - көлік жөндеуші. Пригородный ауылының тұрғыны алысқа ұзамай, жақын жерден өзіне ыңғайлы жұмыс тапқанына дән риза. Компания оқытты, қазір жылыжай шаруашылығының білікті маманы. 
АНДРЕЙ КАЗАЕВ
ЖЫЛЫЖАЙ МАМАНЫ
Жылыжайда тозаңдандыру жұмыстарына кәдімгі ара қолданылады. Химиялық қоспасыз, таза өнім алуға мүмкіндік беретін әдіс біз үшін маңызды. Араны голландиялық компания жеткізіп берді. Қызанақтың өзі минералды мақтада өсіріледі. Өнім дәмді әрі сапалы. Өзім жұмыс істеген бір жылда екі рет көкөніс жинап, сатуға жіберілді. 
 Бірегей жылыжай кешені ең алдымен қыс пен көктемде ішкі сұранысты қамтамасыз етуі тиіс. Айта кетейік, жаңа кешен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Венгрияға сапары кезіндегі келіссөздер нәтижесінде салынды. Екі елдің біріккен инвестициясы жұмсалды. Әрі голландықтар да қаржы бөлді. 
ДЕ  ЙОНГ  КОРНЕЛИС  ДИРК
КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
Бұл бесінші буын жылыжай кешені. Жылу мен электр қуатын беретін жеке қазандығы, газ генераторы бар. Қызанақ сапасын арттыру мақсатында көмірқышқыл газы қолданылады. Іске қосылғаннан бері өнім екінші рет жиналды. Мерлис және Черри сұрпы өндіріліп жатыр. Өнім тек ішкі нарыққа емес, көршілес Ресейге де экспортталуда. Айта кетерлігі, облыста инвестициялық ахуал жақсы. Жер телімін берген әкімдікке алғыс білдіреміз. 
Жылыжай кешені - ұзақмерзімді жоба. Үш жылға жоспарланған. Инвестиция көлімі - 20 миллиард теңге. Кешен бар қуаттылығымен жұмыс істеген кезде Ақтөбе Еуразияның жылыжай орталығына айналады. Бұл мамандар пікірі. 
ЕРЛАН  ЖАҢАБЕРГЕНОВ
ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ЗАҢГЕРІ 
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап компания жалпы аумағы 21,6 гектар болатын жылыжай кешенінің құрылысын бастады. 2019 жылы алғашқы кезеңі іске қосылды. Аумағы - 5 гектар. Инвестиция көлімі - 6,7 миллиард теңге. Қазір екінші кезеңінің құрылысы басталды. 5 гектар аумаққа 3,4 миллиард теңге жұмсалады. Жылыжайға қажетті мамандардың көбі арнайы оқыды, біліктігін арттырды. Кешен 2022 жылы толық қуаттылықта жұмыс істейді. Сол кезде жылына 12 мың тоннаның өнімі өндіріледі. 
Қарапайым шаруалар да шағын жылыжай кешенін кеңейтуді жоспарлап отыр. Мәселен, Данияр Алманов аз уақытта көкөніс өсіруге қажетті инфрақұрылымды тартып, тамшылап суару құрылғысын қондырды. 
 Облыс орталығында барлығы 13 жылыжай жұмыс істеп тұр. Жалпы аумағы 35 гектардан асты. 2018 жылмен салыстырғанда 10 гектарға ұлғайды. 
Өңірдегі шаруа қожалықтары жылыжай аумағынын кеңейтуді жоспарлап отыр. Биыл 43 гектарға жеткізу мақсатында жұмыстар басталы. 

Николай Сырбов

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар