ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

19:20, 22 наурыз 2019

Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесін ақтөбеліктер ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Орталық алаңда ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, тұрғындар наурыз-көжеден дәм татты. Биыл қаланың 150 кәсіпкері мерекеге орай 12 мың литр наурыз көже,  11 тонна палау және  10 тонна бауырсақ пісіріп, тегін таратты. Шараға  облыс әкімі Оңдасын Оразалин де қатысып, жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. 

ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 
- Кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, еңсесі биік  елдіктің,  іргесі сөгілмес бірліктің, ырысы төгілмес  тірліктің бастауы- Әз-наурыз берекелі, баянды болсын, ағайын.  Баршаға жақсылық құт-береке тілеп, ертеңге зор үмітпен қарайтын Наурыз мейрамы. Биылғы Наурыз мейрамы еліміздіегі тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр. Мереке қарсаңында ел тәуелсіздігін бекіткен, Қазақ елін әлемге танытқан Елбасымыз тарихи шешіп қабылдап, өкілеттігін тоқтатты. Елбасының қазақ халқына сіңірген еңбегі зор. Қазақстан әлемдік өркените ткөшінде өзіндік бет-бейнесі бар елге айналды.  Әлем қазақ елін тыныштықтң тілекшісі ретінде таниды. Осындай сәтте барымызды бағалап, ауызбіршілігімізді сақтап, елдің одан  әрі өркендеуіне күш салуымыз керек.  

Қыстан қысылмай шыққан ел бір-бірімен құшақ жая көрісіп, қазан көтерді. Келін түсіріп, бөбекті бесікке бөледі, ер жетіп қалған баласын ашамайға мінгізді. Театрландырылған қойылым дүйім қазақ халқының ата дәстүрінен мол мағлұмат бергендей. Ана тұста жастар алтыбақан теуіп, міне, спортшыларшылар білек сынасып, арқан тартып,  жарысып жатыр. Жыл басын тойлауға жиналған жұрт бірін-бірі құттықтауды да  ұмытпады. 


Ал аймақ басшысы Оңдасын Оразалин  алаңға тігілген киіз үйлерді аралап шықты. Алдымен ақсақалдарға сәлем беріп, амандық сұрасты. Журналистер мен жоғары оқу орны, зауыт қызметкерлері көтерген ағаш үйден дәм татты. Аймақ жастарының шаңырақтарына да бас сұқты. Тұрғындар орайы келгенде, облыс әкімінің қолынан алып, естелік суретке түсіп үлгерді. Елі сыйлаған азамат болсын деген ырыммен сәбидің тұсауын Оңдасын Сейілұлына кестірген де болды.  

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябағындағы сахна алаңында және Ту тұғыр алаңында жалпы саны 20 киіз үй тігіліп, қаламыздың 150 жылдығына орай 150 орында кәсіпкерлер 4 мың литр наурыз көже, 7 тонна палау, 7,5 тонна бауырсақ тегін таратты. Сондай-ақ, алаңдарда ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, насихаттау мақсатында сахналық қойылымдар көрсетіліп, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды.
Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар