ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

15 681 ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

15:59, 8 қараша 2018

Жұмыссыздар мен кәсіпкерлер арасындағы ашық диалог. Ақтөбе қаласының Астана ауданы әкімдігінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары жастармен кездесу өткізді.  Олар еңбек нарығындағы мүмкіндіктер, өз кәсібін бастау туралы мәлімет берсе, кәсіпкерлер өздеріне қажет мамандықтар жөнінде айтып берді.

Аудан әкімдігі жастарды жұмыспен қамту бойынша кешенді жоспар құрып, түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастыруда. Қазіргі күні еліміз бойынша  жол картасы жасақталып жатыр, оның 10 бағыты болады  деді жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары.

Келесі 2019-шы  жылды Елбасы жастар жылы деп  жариялағаны белгілі. Кездесу барысында жастарға мемлекеттік бағдарламалар, өз бизнесін ашу тетіктері түсіндірілді. Шараға кәсіпкерлер де шақырылды.  Олар өз кәсіпорындарына қандай мамандардың  қажет  екені туралы баяндады. Бос жұмыс орындары бар, әрі қолжетімді дейді жергілікті билік өкілдері.

Ақтөбенің Астана ауданы  бойынша  72 мың жас болса, оның 1 мың 300-ге жуығын жұмыссыз жастар құрайды. Жастар тәжірибесі өз нәтижесін берді дейді жұмыспен қамту орталығының мамандары. Көпшілігі осы бағдарлама арқылы 6 ай тәжірибе жинақтап, тұрақты жұмысқа орналасты. Негізінен қызмет көрсету саласына мамандар тапшы.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН  120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ
17:58, 18 қаңтар 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16:31, 18 қаңтар 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...