ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

1535 пәтер пайдалануға берілді

15:58, 8 ақпан 2018

Бүгін Ақтөбеде мыңнан астам жанұя баспаналы болды. Олардың 181-і халықтың осал тобы өкілдері. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы мен "Бәйтерек Девелопмент" желісі бойынша салынған үйлердің кілтін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев табыстады.

Миуа Сүйінова жаңа пәтерге қол жеткізген ақтөбеліктердің бірі. Көп балалы ана үшін бұл ең қуанышты күн. Себебі, екі бөлмелі баспананы он екі жыл күткен еді. Енді, жуық арада отбасымен осында көшіп келеді. Пәтері кең, жарық әрі жылы. Ең бастысы балаларым үшін жайлы дейді 65 жастағы "күміс алқа" иегері.

Бүгін бұл "Нұр-Ақтөбе" ықшам ауданында алты үй пайдалануға берілді. Барлығы да "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Ондағы пәтерлердің 96-сы баспана кезегінде тұрған көпбалалы, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар мен өзге де санаттағы азаматтарға берілді. Пәтер кілттерін облыс әкімінің өзі табыстады.

Жаңа үйлердің аулаларын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасатын болады. Сондай-ақ, тұрғындарға қажет бірқатар ұйымдарда осы маңда қызмет етеді. Қоныс иелерін құттықтап тілегін жеткізген өңір басшысы, көп қабатты ғимаратта жұмысын бастаған тігін цехын да аралап көрді. 20-ға жуық адам жұмыспен қамтылған цехтің өнімі басқарушы компанияларға ұсынылуда.

Салтанатты шара, "Батыс-2" мөлтек ауданында да жалғасты. Мұндағы 10 қабатты үй енді 160-тан астам ақтөбеліктің тұрақты қонысы болады. Баспана өткен айда тұңғыш рет түрлі санаттағы үй кезегінде тұрғандар арасында байқау өткізген "Бәйтерек Девелопмент" желісі бойынша салынған.   

Ақтөбе - еліміздегі агломерациялық орталықтардың бірі болғандықтан, құрылыс секторы басымдыққа ие болып қала бермек. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, биыл 750 мың шаршы метрге тұрғын үй салу жоспарда бар.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
21:05, 12 қараша 2018
МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...