ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 17 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН

20:00, 27 қараша 2020

 17 мыңнан астам адам «Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард» және «ESTATE Ломбард» қаржылық ұйымдарына алданып, млндаған ақшасынан айырылды. Санаулы уақыттың ішінде алаяқтар халықтың 30 млрд теңгеден астам қаржысын қалтасына басқан. Бүгін  Ішкі істер министрлігінің аға тергеушісі Жанболат Әбдіраемов қаржылық пирамидаға қатысты жаңа деректермен бөлісті. 

Олар әп-сәтте пайдаға кенелуді ойлады. Қолда бар қаржысын еселеймін деп үміттенді. Кейбірі тіпті  несие алып, қарызға батты. Пирамида екенін  сезсе де, күдікті ұйымға қаржысын құюға қымсынбады.  Ішкі істер министрлігінің аға тергеушісі Жанболат Әбдіраемовтың айтуынша,  17 мыңнан астам адам «Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард» және «ESTATE Ломбард» компанияларының қақпанына түсіп, заң еңіреп қалған.  
Тергеу барасында небәрі 2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленген. Сондай-ақ қаржылық ұйым жылжымайтын мүлік пен автокөлікті нарықтағы құнынан 30 пайыз  қымбат бағаға сатып алатынын айтып, сендірген еді. Бүгінде компанияға тапсырылған 1500 темір тұлпар айыппұл тұрағында тұр.  

Естеріңізге сала кетейік, тәртіп сақшылары «Гарант 24 Ломбард» иесі Аслан Мырзабековті Молдова астанасында қолға түсірді. «Выгодный займ» қожайыны Жанболат Есіркепов Қазақстан мен Ресей шекарасында ұсталды. Ал «ESTATE Ломбард» басшысы Әсет Ысқақов Қырғызстанда құрықталды.  Жалпы қылмыстық істер бойынша барлығы 56 адам жауапқа тартылып жатыр.
 Қазіргі таңда 6 адамға халықаралық іздеу жарияланды. 33  күдікті Ақтөбедегі тергеу изоляторында қамауда отыр. 5 адам үй қамақта. Сондай-ақ 12 адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы  бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасуда. 

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ
13:00, 19 қаңтар 2021
АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ
16:20, 18 қаңтар 2021
ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
20:00, 19 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
Толығырақ...