ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

172 АҚТӨБЕЛІК ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУДА

18:58, 8 қараша 2018

Өткен жылы Ақтөбе облысының мешіттері 24 млн теңге қаржыны қайырымдылыққа жұмсаған.  Дін өкілдері  мешіттің есеп-шотына түскен садақа ақшаның ашықтығын қамтамасыз етеміз деп отыр. Ол үшін биылдан бастап имамдар әрбір тиынның қайда жұмсалғанын жариялап, халыққа есеп бермекші.  Бұл туралы Хромтау ауданында өткен имамдардың көшпелі отырысында мәлім болды. Жиында өңірдің дін қызметкерлері жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Бүгінгі күні облыста 67 мешіт бар. Онда 100-ден астам дін қызметкерлері жұмыс істейді. Имамдардың 70 пайызы жоғары және орта білімді. Облыстың бас имамы Төлеби Оспанның  айтуынша, қазір 172 ақтөбелік азамат  діни оқу орындарында білім алуда. Оның 52-сі  Нұр- Мүбәрак университетінің студенті. Білікті мамандар даярлау - елдегі діни ахуалды реттеп, жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді дейді мамандар.

Өңірдегі мешіттер өткен жылы мұқтаж жандарға 24 млн теңге қаржыға  қайырымдылық жасаған. Имамдар енді пітір-садақаның қайда,  қандай мақсатқа жұмсалғанын халыққа жариялап, сепе беріп отырамыз дейді. Ол үшін облыстың барлық мешіттеріне арнайы терминал орнатылмақ.

Аудан мен қала мешіттерінің имамдары бас қосқан көшпелі жиын  Кеншілер мәдениет үйінде  "Дін. Дәстүр. Руханият" атты облыстық форумға ұласты. Қонақтар алдымен әр аймақтан шыққан дін қайраткерлерінің өмірбаяндарымен танысып, бағзы замандардан сақталған діни әдебиетер көрмесін тамашалады.  Ал форум жұмысын бастаған Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин өңірдегі діни ахуалды баяндап, осы салада елеулі қызмет атқарған бірнеше азаматты алғыс хатпен марапаттады.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
21:05, 12 қараша 2018
МОДЕРНИЗАЦИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...