ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

18 КӘСІПКЕР 40 МЛН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТТЫ

16:36, 11 шілде 2018

Ақтөбеде "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша жарияланған мемлекеттік гранттар бөлу байқауы аяқталды. Грантты ұтқандардың бірі - жеке кәсіпкер Әлім Әлмұратов. Ол 3 миллион теңгеге Хромтауда лимон өсіретін жылыжай салуды көздеп отыр. Гранттар беру байқауы кезінде кәсіпкер өзінің жылыжай салу үшін алынатын негізгі және қосымша материалдар, сондай-ақ лимонның тұқымын және тыңайтқыштар алу бойынша жобасын сәтті қорғап шықты. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанованың айтуынша, конкурс барысында 18 жергілікті кәсіпкер 40 млн теңге грант ұтып алды. Оның ішінде лимон өсіруден өзге де қызықты жобалар бар. Мәселен, Қарғалы ауданында сыр шығарылатын болды. Ал хромтаулық кәсіпкер құрылысқа қажетті кірпіш өндірісімен айналысуға ниеттенсе, декоративті термопанель өндірісімен айналысатындар да табылды. Конкурсқа қатысу үшін 90-нан астам өтініш түскен. Бұл өткен жылғы қатысушылар санынан әлдеқайда артық.

Тақырып бойынша материалдар

WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ  АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
18:12, 25 қыркүйек 2018
WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
18:08, 25 қыркүйек 2018
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:00, 21 қыркүйек 2018
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...