ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

2000 ТОННАҒА ЖУЫҚ КӨКӨНІС ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА САЛЫНАДЫ

20:50, 15 қазан 2019

Тұрақтандыру қорына биыл 1800 тонна көкөніс салынады. Бүгін «Пригородный» көкөніс сақтау қоймасына қордың алғашқы өнімдері  жеткізіле бастады.  Қамбаға салынған азық алты ай қысқа жеткілікті ме? Тұрақтандыру қоры нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ете ала ма?

ГҮЛДАНА АБАЙҚЫЗЫ /ТІЛШІ

/ Биыл тұрақтандыру қорына 100 тонна сәбіз, 100 тонна қырыққабат, 200 тонна пияз және 1400 тонна картоп салынады. Бұл өз кезегінде ақтөбеліктерді, әдеттегідей, қолжетімді бағада көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді/

Өнімдердің барлығы жергілікті алқаптарда өскен. Негізгі тасымалдаушы- Пригородный шаруа қожалығы. Мамандар биыл 240 гектар жерге  картоп, 40 гектар  алқапқа пияз, 23 гектарға сәбіз және 17 гектар жерге қырықақабат еккен.  Бұрын-соңды пияз оңтүстіктен тасымалданып келсе, биыл жергілікті тауар өндірушілер көкөкөністің көктемге дейін қаз-қалпында сақталатын сапалы түрін өсірген.

СТЕПАН ГАЙДАРЬ /"ПРИГОРОДНЫЙ"  ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

/ Биыл ылғалдың аз болуына байланысты жиын-терім жылдағынан төмендеу.  Мәселен,  1 гектардан 22 тонна картоп, 40 тонна пияз, 60 тонна сәбіз жинадық.  Алайда, егістік көлемін арттырудың нәтижесінде  қажетті өнімге қол жеткізіп отырмыз/

Қыс азығын қамбаға салуға қазынадан  биыл 80 миллион теңге бөлінді. Тауар сапасын сарапшылардан құрылған арнайы комиссия қадағалап отырады. Тұрғындар бұл тауарларды қыста,  яғни желтоқсан мен наурыз айлары аралығында жергілікті коммуналдық базарлар мен әлеуметтік дүкен сөрелерінен таба алады. Көкөністер мен өзге де әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің құны нарықтық бағадан 15-20 пайызға  арзан болады дейді мамандар.

Сақтандыру қорын құру кезінде сатып алу тәртібі фьючерсті келісімшарт арқылы жүргізілді. Яғни, шаруа қожалықтары көкөністі сатып алуға бөлінген қаржының 60 пайызын көктемгі егіс жұмыстары кезінде, қалған бөлігін  күзгі жиын-терімнен кейін алады.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

 ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:21, 11 желтоқсан 2019
ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...