ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

2019 жыл - өңір үшін берекелі болды

21:01, 12 ақпан 2020

 2019 жыл - өңір үшін берекелі болды. Облыс халқының табысы артты. Өткен жылы тұрғындардың жалақысы 14 пайызға өсіп, орташа есеппен алғанда 156 мың теңгені құрады. Экономиканың барлық саласында да өсім бар.  Биыл Ақтөбе бірінші болып республикада трансформациялау жобасын бастады. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша да біздің аймақ көш басында.
Ел Үкіметі әр облысқа ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да сұранысқа ие болатын органикалық және экологиялық таза өнім шығару қажет деп міндет қойған болатын. Ақтөбе облысы бұл тапсырманы жоспарға сай орындап отыр. Бүгінде Ақтөбе облысы Ресей, Өзбекстан, Иранға ірі қара етін экпроттап жатыр. Өткен жылы 4 мың тоннадан астам сиыр еті осы елдерге жөнелтілді. Ал, биылғы жылдағы жоспар қандай? Қабылдау өткізіп отырған құзырлы мекеме басшысынан сұрап көрейік. Құсайын Ескердірұлы қандай жоспар бар?.....
Осылайша өткен жылы сиыр етінің экспорты 2 есеге артқан. Жалпы ірі қара мал басы 6,3, жылқы 12,1, қой, ешкі 1,6 және түйе 2 пайызға өсті. Ал, осы жылы асыл тұқымды ірі қара мал басы артады. Қораны малға толытыру үшін оны күтіп-бағатын адамның жағдайы жайлы болуы керек,-деген облыс әкімі Оңдасын Оразалин ауылшаруашылығы саласы мамандарының жалақысы төмен екенін айтты.  Әлеуметтің әлеуетін арттыруға да аса зор мән берілді. Білім, медицина, мәдениет, спорт саласында ауыз толтырып айтар жетістіктер жетерлік. 2020 жылға қойылған міндеттер де зор. Венера, бізді қандай жаңалықтар күтіп тұр?

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

21:27, 19 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...