ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

2020 ЖЫЛЫ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

15:43, 15 тамыз 2019

2020-шы  жылдан бастап қазақстандықтар медициналық қызметтерді екі үлгі бойынша  алады. 1-ші  қаңтарда  елімізде енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бүгін облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағылығымен өткен жиында талқыланды.  Жиынға өңірлік штаб мүшелері мен мемлекеттік және жеке меншік  медициналық мекемелердің басшылары қатысты. Жаңа жүйеге сай, тұрғындар  медициналық қызметті  екі пакет бойынша ала алады. Кепілдендірілген медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Соңғысы арнайы есеп шотқа жиналған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ал кепілдендірілген медициналық көмекті Үкімет қаржыландырады. Айта кету керек, міндетті медициналық сақтандыру тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне салалық мамандардың қабылдауы кірмейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы жоқ азаматтар  олардың қабылдауына кіру үшін ақы төлеуі керек болады. Бұл созылмалы ауруы барларға да қатысты.

НҰРЛАН ҚАСЫМОВ /МІНДЕТТІ  ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ  БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

- заң бойынша жұмысберуші  жалақы көлемінен  2 пайыз, қызметкер 1 пайыз  жарна төлейді.  Бұл жұмыс жасап жүргендерге қатысты. Алайда,  қазіргі күні Ақтөбе облысы бойынша 14 мың адамның мәртебесі анықталған жоқ. Яғни, жылдың соны дейін бұл адамдар өздері бір шешімге келуі керек. 1 пайыз жарнаны  өз бетімен  аударады болмаған жағдайда  кейбір медциналық қызмет түрін  ақылы алуға  мәжбүр болады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде мемлекеттік, сонымен бірге жеке клиникаларда емделуге болады. Ол үшін клиника міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісім-шартқа отырған болуы тиіс.Қазір өңірде ақысыз қызмет көрсетіп отырған 63 клиниканың 26-сы жекеменшік медициналық орталық.

НҰРЛАН ҚАСЫМОВ /МІНДЕТТІ  ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ  БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

-Ақтөбе облысы бойынша қаржыландыру 40 пайызға көбейеді. Қосымша қаржы негізінен консультативті-диганостикалық, стационарлық  көмекке бөлінбекші. Яғни, тұрғындардың көбі өз қалталарынан төлеп келген медициналық қызмет енді  қолжетімді болмақ.

Мамандардың айтуынша, 2020 жылдың 1-ші сәуірне дейін барлық қазақтсандықтар міндетті медициналық сақтандырумен толық қамтылмақ. Әзірге тұрғындардың тек 30 пайызы ғана жаңа жүйе туралы естіп білді. Сондықтан ақпараттандыру жұмысына баса мән беріледі. 

Венера Серғазы

 

Тақырып бойынша материалдар

"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
21:20, 22 мамыр 2020
"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
19:21, 18 мамыр 2020
БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
Толығырақ...