ШҰҒЫЛ! КӨЛІГІН ТІРКЕДІ Толығырақ

25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ

16:42, 30 маусым 2020

Компьютерлік томография азғаза зиян. Коронавирусты антибиотиктер емдемейді. Дүрбелеңге түсіп, дегбірі қашқан тұрғындарға медицина мамандары осындай кеңес берді. Медициналық препапараттар тапшылығы байқалады, алайда емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек жеткілікті. Ақтөбеліктерді алаңдатқан осы және өзге де сауалдарға құзырлы мекеме өкілдері жауап берді. Дүйім дүниені дүрліктірген коронавирусты жоққа шығарып, індеттің барына күмәнмен қарадық. "Саяси қадам" деп сенімсіздік танытып, сырқаттан сескенбедік те. .. Салдары, мінекей.... Қазіргі таңда өңірде пневмонияға шалдыққандардың саны 1000-нан асып жығылады. Олар инфекциялық, темір жол ауруханасы мен туберкулезге қарсы диспансерінде ем алуда. Бүгіннен бастап "Шағала" сауықтыру орталығынан 200 провизорлық орын ашылды. Жағдайы ауыр науқастар облыстық медициналық орталыққа орналастырылды. Аталған ауруханада қазір 360 адам жатыр. Оның 20-сы жансақтау бөлімінде. 9 ақтөбелік жасанды тыныс алу аппаратымен дем алуда. Медициналық орталықтың бас дәрігері Рүстем Исаевтың айтуынша, емдеу мекемесінде мамандар тапшы. Қауіпті індетпен бетпе-бет келген 80 дәрігер-медбике ауырып қалған. Өкпе қабынуымен 25 жүкті келіншек түскен. Болашақ аналарға арналып арнайы провизорлық орындар дайындалуда. Пневмония балалар арасында да белең алып барады. Эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты аймақта дәрі-дәрмек тапшылығы айқын сезілуде. 1 айлық қор 5 күнде таусылды дейді медициналық орталық басшысы. Алайда, емдеу мекемелеріне медициналық препараттар уақытылы жеткізіліп жатыр. Ал дәріханаларда антибиоктер, дене қызуын түсіретін және қабынуды басатын дәрілер жеткіліксіз. Дегенмен, дүрлігудің керегі жоқ. Қажеттілік болмаса, қосымша тексерістерден өтіп, ағзаға артық салмақ түсірмеңдер,-дейді дәрігерлер. Мәселен, компьютерлік томографияның пайдасынан зияны көп. Ал, антибиотиктер вирусты емдемейді. Ауру белгілері байқалса, алдымен, учаскелік дәрігеріңізге хабарласыңыз. 906-606 колл орталығына қоңырау шалып, кеңес алуыңызға болады. АСХАТ ШАХАРОВ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Бүгінгі күні аталған саll-орталықта эпидемиолог, денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен қатар психологтар жұмыс істеп жатыр. Олар тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіп, көмек беруде. Алдағы уақытта кез келген адам аталған орталыққа хабарласып, қажетті ақпараттарды алуына болады. Айта кету керек, соңғы аптада қала тұрғындары арасында дәрі тапшылығы, науқастар санының артуына байланысты медициналық көмек көрсету, тағы басқа мәселелерге қатысты арыз-шағымдар көбейді. Біз бұл мәселелерді шешу үшін қазір жұмыс істеп жатырмыз Ең бастысы, сақтық шараларын ұмытпаңыз. Әлеуметтік арақашықтықты сақтап, көпшілік орындарға бармаған абзал. Егер бұл індет сіздің бойыңыздан байқалса, бірден жүрісті тоқтату керек. Екі аяққа салмақ түскен сайын, дерт те үдей түседі. Дәрігерлер адам жүрген кезде ірілі-ұсақты тамырларға қан ұйып, арты қайғылы оқиғаларға әкеп соғатынын ескертеді. Гүлдана Абайқызы

https://youtu.be/7gITNsjWKt8

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден озды
19:21, 8 шілде 2020
Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден...
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
19:11, 7 шілде 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...