ШҰҒЫЛ! Бір айда 31 өрт оқиғасы тіркелді Толығырақ

250 мың теңге жүлде тігілген ұлттық спорттық ойын болады

16:27, 14 қыркүйек 2017

Мұғалжар ауданының күндері басталды

Бүгін "Туған жерім - нұрлы елім" акциясы аясында Мұғалжар ауданының күндері басталды. Мерекелік бағдарлама үш күнге жоспарланған. Мұғалжарлықтар нөмірі жетінші мамандандырылған мектепке қайырымдылық акциясын жасайды. Облыстық филармонияда "Айырық сұлтан" конкурсы ұйымдастырылады. Ал, жұма күні Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университет пен заң институтында кездесу өтеді. Бұдан бөлек, қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығында концерттік бағдарлама өтіп, бағалы сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталады. Драма театр мен ретро паркте "Шәмшінің әні" спектаклі көпшілікке ұсынылады. Аудан күндеріне арналған негізгі шаралар сенбі күнге жоспарланды. Әдеттегідей "Табыс" коммуналдық  базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға, көпбалалы аналарға азық-түлік пакеттері таратылады. Кейін, Ағайынды Жұбановтар көшесінде өтетін мерекелік шарада көше тұрғындары марапатталмақ. Шеберлік класстар, флешмоб болады. Кешке, ақтөбеліктер Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта мұғалжарлық суретшілердің туындылары қойылған көрмені, 250 мың теңге жүлде тігілген ұлттық спорттық ойындарды, гала-концерт пен отшашуды тамашалай алады. 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР және РФ үкіметаралық комиссиясының отырысы
18:31, 17 қараша 2017
ҚР және РФ үкіметаралық комиссиясының отырысы
Толығырақ...
Қазанғап күйлерінің байқауы өтіп жатыр
18:29, 17 қараша 2017
Қазанғап күйлерінің байқауы өтіп жатыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
17:20, 16 қараша 2017
Балабақшалардың жұмыс кестесі өзгереді
Толығырақ...