ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

280 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ КӨЛІК САЛЫҒЫ ТӨЛЕНБЕГЕН

18:16, 13 маусым 2018

Көлік салығын төлемегендер жазаланады. Ақтөбеде салық қызметкерлері, жол полициясы және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, жолда борышкерлерді тоқтату акциясын ұйымдастырды. "Автоқұйын" көлігінің көмегімен салықтан жалтарғандар көше бойынан ұсталып, бірден айыппұл парағын толтырды. Рейдке біздің түсірілім тобы да куә болды.

Салық төлеуден жалтарғандар қалада көп. Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары автокөлік иелерін тиісті міндеттерін ұмытпауға шақырып отыр. Себебі бүгінгі таңда бережақ қордаланып қалған. 40 мыңнан астам жеке тұлға көлік, мүлік, жер салықтарын төлемей жүр.

"Автоқұйын" жүйесі көше бойында жүйіткіген көп көліктің ішінен салығын төлемеген борышкердің көлігін дөп басып таниды. Полицияның қолына түскенін көрген бойдан көпшлігі айыбын мойындап, бережағын бірден төлеп кетуге асықты.

Борышкерлерге бірден жазбаша ескерту юеріп, актілер толтырылды. Бұл құжаттар бұдан әрі жеке сот орындаушылары палатасының мамандарына беріледі.

АБЗАЛ  МҰҚАНОВ

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ

-Қазір 595 іс өндірісте. 23 миллион 133 мың теңгені өндіріп алу керек. жалпы борышкерлер қай уақытта да болған. Бірақ, соңғы кездері қайта-қайта хабарласқанымызбен, істі ушықтырмай төлеп тастауға көпшлігі құлықсыз. Бұл тұрғыда көлік иелерімен жиі жұмыс жүргіземіз.

Айта кетсек, сот орындаушылары борышкерлердің банктегі шоттарын бұғаттап, мүлкіне, көлігіне шектеу қояды. Сондай-ақ, олар борышкердің шетелге шығуына да тыйым сала алады..

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАР ҚЫЛМЫСЫ ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫР
19:56, 22 қаңтар 2019
ЖАСТАР ҚЫЛМЫСЫ ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - ПАРЫЗ
18:27, 22 қаңтар 2019
МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - ПАРЫЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...