ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

30 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАДЫ

20:34, 14 наурыз 2019

Бұдан соң, вице-премьер бастаған Үкіметтің жұмыс тобы көпбалалы отбасылармен, аз қамтылған азаматтармен, мүгедек жандармен және ардагерлермен кездесу өткізді. Әлеуметтік қолдау шараларын жақсарту мәселелері талқыланды. Кездесуге этномәдени бірлестіктер, "Нұр Отан" партиясының, іскер әйелдер қауымдастығы және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жалпы облыс активі қатысты.

Премьер министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова өңірлерге шығу Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кең ауқымды жүргізу мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда елімізде көпбалалы отбасыларды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету шаралары кеңейтілетінін жеткізді. Сол үшін өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, көпбалалы ауыл тұрғындарына отбасылық кәсібін ашу үшін жаңа бизнес идеяларға 505 мың теңге мөлшерінде қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар берілетін болады. Шағын несиелеу аясында 2019 жылға жоспарланған 14 мың шағын несиенің 5 мыңын ауылдағы көпбалалы аналар мен мүгектігі бар тұлғаларға бөлу ұсынылып отыр. атаулы әлеуметтік көмектің де көлемі өзгереді.  

Бұдан өзге, білім және ғылым министрі мен денсаулық сақтау министрі де Елбасының тапсырмасына өз салаларында атқарылатын игі шаралар жөнінде кеңінен айтып берді. Ал тұрғындардың сауалдарына Үкімет мүшелері толық жауап берді.

Тұрғындардың суалдары негізінен денсаулық сақтау, баспана, жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты болды. 

Елбасының тапсырмасына сәйкес тұрғындардың әл ауқатын жақсарту шаралары Ақтөбе облысында да жүзеге асырылады. Ол үшін ашық есік күндері өткізіліп, өзекті мәселелерге орай шешімдер қабылдануда.  

Тақырып бойынша материалдар

"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
19:46, 19 тамыз 2019
"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
Толығырақ...
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...