ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

300-ДЕН АСТАМ ЭПИГРАФИКАЛЫҚ ЕСКЕРКІШ ЗЕРТТЕЛДІ

20:24, 14 тамыз 2019

Эпиграфикалық ескерткіштер - тың деректер қоры. Қазақ құлпытастарынан ислам өркениетімен келген мәдениетті де, көне түркі дәстүрдің  жалғасын да көруге болады. Бірақ, бізде балбал тастастарды зерттеу жағы кемшін.  Оған дәлел- дүниежүзілік эпиграфикалық ескерткіштерді сақтау қорына бірде-бір қазақтың көне құлпыстары енбеген.  Осы олқылықтарды жою мақсатында бір топ  ғалым өңірдегі тарихи тұлғалар жерленген қорымдар мен ескі зираттардағы құлпытастарды зерттеді. Экспедиция жұмысы облыстық-тарихи өлкетану музейінде қорытындыланды. Экспедициялық топ өңірде тамыздың 1 мен 12-сі аралығында жұмыс істеді. Оның құрымында  облыстық мәдениет, архивтер және мұрағаттар басқармасының мамандары, тарихи-өлкетану музейі мен Рамазан  Сүлейменов атындағы шығыстану институтының ғылыми қызметкерлері болды. Олар облысымыздың бірнеше ауданын аралап, құлпытастардың құпиясын зерделеді. Атап айтқанда, экспедиция мүшелері  қала маңындағы көне қорымдарды, Шәмші Қалдаяқов ауылындағы ескі зираттарды және Қызылтам қорымындағы эпиграфиялық мәтіндерді зерттеген.  Сондай-ақ, Абат-Байтақ, Есет батыр Көкіұлы мен Жоламан, Шәкен Ишан  мешіттеріндегі, Бекққұл әулие, Жұбановтар әулетінің қорымындағы құлпыстастарда таңбаланған мәтіндермен танысты. Мақсат:    Ғалымдар бас-аяғы 300-ден астам тасқа қашалып жазылған ру, тайпа белгілерін анықтады. Өзге облыстармен салыстырғанда, Ақтөбе өңірінен табылған құлпыстастар алуан түрлі   архитектуралық сұлбасымен ерекшеленеді дейді мамандар. Енді ғалымдар зерттеу материалдарын жинақтап, топтастырып, алдағы уақытта ғылыми еңбек етіп шығаруды жоспарлап отыр.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
21:33, 11 желтоқсан 2019
президент принял председателей Национального банка и Агентст...
Толығырақ...