ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

40 мың ақтөбелік баспаналы болады

20:22, 21 ақпан 2018

Биыл 40 мыңға жуық ақтөбелік баспаналы болады. 15 мың адамға үй салу үшін жер беріледі. Жолдар салынып, халықты газбен, ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасын табады. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің есептік кездесуінде мәлім болды.

"Нұрлы жер" мен "Нұрлы жол". Облыс өткен жылы қос бағдарламаның да жемісін көрді. Әсіресе, "Нұрлы жер" қанатқақты жоба болғанына қарамастан, талай ақтөбелікті қамқорлады. Мәселен, жуырда мыңнан астам адам "Батыс-2" және "Нұр Ақтөбе" аудандарынан осы бағдарлама бойынша пәтер алды. Солардың бірі - Миуа Сүйінова. Күміс алқалы ана екі бөлмелі баспананы он екі жыл күткен. Пәтері кең, әрі жылы.

2017 жыл алты жарым мың отбасының есінде қалды. «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылған алғашқы коттедждер мен таунхаустар пайдалануға берілді. Сондай-ақ, көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылар да назардан тыс қалмады. Оларға Қурайлыдан жер берілді. Осы жиында да тұрғындар баспанаға байланысты базынасын айтты.

Осы күні көгілдір отын да тіршіліктің көзіне айналды. Былтыр  бюджет бүйірінен бөлінген қаржыға бес елдімекен газдандырылды. Онда 3 мыңға жуық адам тұрады. Ал, сумен жабдықтау және су беру жүйесін дамыту үшін 17 жоба жүзеге асырылды.

Ақтөбе тоғыз жолдың торабында тұр. Былтыр Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық дәлізіне кіретін шекара шетіндегі Ақбұлақ тас жолының жөнделген бөлігі пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары екі ел басшыларының келісімдері аясында жүзеге асырылды. 2017 жылы облыстың автожол саласын дамытуға 11,9 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 300 шақырымнан астам жол жөнделді. Тұрғындарды ішкі жолдардың жағдайы алаңдатты.

Ақтөбе "ақылды қалаға" айналады. Өңірде «Сандық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру үшін «Ел айна» тұжырымдамасы негізге алынды. Жоба 6 бағытқа басымдық береді. Мақсат - әкімдік қызметін, білім беру жүйесін, энергетика, тұрғын үй коммуналдық - шаруашлығын, көлік және медицина саласын цифрландыру. 

Былтыр «Aktobe Bus» ұтқыр қосымшасы іске қосылды. Ұялы байланыс арқылы тұрғындар автобустың қай аялдамаға жақындағанын көре алады. Бұдан бөлек, "Қауіпсіз қала" жобасы аясында бейнекамералар орнату жұмыстары да жүріп жатыр.  Өткен жылы бейнебақылау көмегімен 100-ден аса қылмыс пен 15 мың әкімшілік құқықбұзушылықтың беті ашылған. Қалада 5000-нан астам жеке пәтер арнайы күзет жүйесіне қосылды. Тұрғындардың өтініші бойынша, биыл 600 бейнекамера қойылады. Ақтөбеліктер үшін, тағы бір жаңалық - "Смарт Ақтөбе" жаңа ақпараттық технологиялар орталығы салынады. Бұл өз кезегінде стартап жобалар мен айти технологияларды дамытады.  Ақтөбедегі ақылды қаланың жарқын көрінісі - өткен жылы ашылған Халықтық кеңсе болды.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...