ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

479 үйге жылу есептегіш құрылғы орнатылды

19:14, 14 қараша 2017

Шаһардағы көпқабатты үйлерге жылу энергиясын есептегіш құрылғылар орнату жұмыстары жалғасуда. "Трансэнерго" акционерлік қоғамы бүгінгі таңда мұндай құралды 500-ге жуық баспанаға қондырды.

«Емшан» кешенінде сегіз тоғызқабатты тұрғын үй бар. Өткен жазда, тұрғындар жылу энергиясын есептейтін қондырғыны орнату туралы бірлескен шешім қабылдайды. Сөйтіп, коммуналдық мекемеге өтініш білдірген. Енді жылуақысына кететін ақша үнемделгенін байқап отырмыз дейді өздері.

ӘСИЯ  ЖҮНІСҚҰЛ, "ҚҰЛАГЕР  58" ПИК ТӨРАҒАСЫ

- Мен бұрын жылу үшін 9500 теңге төлесем, қазір жылу есептейтін құрылғы орнатып, 4000 теңге төлеп отырмын. Бұл өте жақсы. Кешендегі сегіз корпустың тұрғындары да жабдықтың нәтижесін көруде. Ал қондырғы орнату үшін келісімшартқа отырдық. 4 жылдың ішінде 440 теңгеден төлеп отырамыз.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап тұрғын үйлерді жылу энергиясын есептейтін құрылғылармен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мұндай есептегіш құралдар  көпқабатты 800 үйдің 479-на орнатылды. Биыл 102 баспанаға қондырылған. Коммуналдық мекеме алдында жұмыстарды әрі қарай жалғастыру жоспары тұр. Өйткені, бұл тұтынушы үшін ғана емес, жылу шығынын  есептеу үшін «Трансэнерго» акционерлік қоғамына да тиімді.

ЕРБОЛАТ  ҚИСЫКОВ, "ТРАНСЭНЕРГО" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

-  Үйге ортақ жылу есептегіш құрылғының отбасы бюджеті үшін тиімді екені анық. Сондықтан "Трансэнерго" акционерлік қоғамы "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры арқылы ұсынылған қондырғыларды орнату бағдарламасының жалғасатынын хабарлайды.

 Бұл мүмкіндікті пәтер иелері кооперативтері дұрыс пайдалана алмады. Жаңа жылдан соң, жоба қайта жанданады.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ  АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
18:12, 25 қыркүйек 2018
WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
18:08, 25 қыркүйек 2018
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:00, 21 қыркүйек 2018
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...