ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

500 МЛРД ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

20:13, 13 шілде 2018

Сарапшылардың болжамы бойынша Ақтөбе облысы жыл соңына дейін жарты триллион теңге инвестиция тартады. Осының есебінен индустриялық аймақтағы құрылыс 60 пайызға жетеді. Өңірдің өнеркәсібін дамыту толықтай импорт алмастыруға негізделеді. Барлық жобалар әлеуметтік маңызға ие. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев әр бағыт бойынша жасалып жатқан жұмыстарға баға берді. Өңірдің индустриялық-инновациялық мүмкіндігімен танысу үшін Қазақстан мұнай жабдықтары зауытына барды.

Мұнай өндірісі үшін керекті жабдықтар осында жасалады. Құны 18 миллион АҚШ доллары тұратын зауытқа 5,5 миллиардқа жуық инвестиция тартылды. Зауыт жылына 50 мыңнан аса тонна өнім шығаруға қауқарлы. Қуаттылығын жыл сайын арттыру көзделді.  Шығарылған өнімнің 80 пайызы ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырса,  20 пайызы сыртқа шығарылады. Негізінен Еуродақ елдеріне. Жоғары технологиялы өндірісте 120-дан астам жаңа  жұмыс орындары ашылды. 

Өңірде қайта өңдеу саласы қарыштап дамып, 32 пайызға көтерілді. Негізінен хром, цинк, мұнай өндіріледі. Өндірісті жаңғырту бойынша кешенді жоспар құрылды. Сарапшыладың пайымдауынша, жыл соңына қарай Ақтөбе облысына  жарты триллион теңге инвестиция тартылады. Сөйтіп, индустриалды  аймақты 60 пайызға қамту көзделді.  Негізінен импорталмастыруға баса назар аударылады. Іске асатын барлық жобалардың  әлеуметтік маңызы зор. Бізде полиэтилен, құрылыс материалдары, химиялық қосындылар шығару жолға қойылды.  Премьер мнистрге  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің  инвестициялық әлеуетін айтты. Біздің логистикалық әлеуетіміз де жоғары. Өңіраралық байланыс та дамып келеді. Күзде Оңтүстік Қазақстан облысының керамикалық зауыты іске қосылады.

Қазір индустриалды аймақта жалпы құны  80 миллиард теңгенің 15 жобасы  іске асып жатыр.  Жобалар аясында мыңжарымнан аса жұмыс орыны ашылды. 15 жобаның төртеуі қазіргі күні пайдалануға беріліп,  жұмыс жасап  тұр.

ӘНУАР АСЫЛОВ, "АҚТӨБЕ" ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ"    ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Бұл полиэтилен бұйымдары, 3 қабатты қабырғалық блок, антифриз бен резиналық жабынды шығаратын өндірістер. Ал,  биылға  жалпы құны 15 миллардт теңгеден асатын 8 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл жолы 500-ден жоғары жұмыс орындары құрылады.Осылайша,  2020-шы жылға қарай индустриалды аймақ  100 пайыз қамтылады деп көзделді.

Зауытта сонымен бірге, Үкімет басшысына көлік-логистикалық жобалар мен жол бойындағы қызмет көрсету  секторының дамуы жайы туралы да таныстырылды.

Венера  Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар