ШҰҒЫЛ! "ПАРА БЕРМЕ" НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

51 АҚТӨБЕЛІК ҚЫЗЫЛШАҒА ШАЛДЫҚҚАН

19:24, 2 сәуір 2019

Ақтөбеде қызылша ауруы өршіп тұр. Жыл басталғалы 51 адам кесел жұқтырған. Өкініштісі қызылшаға шалдыққандардың дені-вакцина алмаған балалар. Оларға ем-дом жасалып, алдын алу шаралары күшейтілді.

Қызылшамен ауырып шыққандардың бірі-Римма Қоқанова.  Үш баланың анасы  13 жастағы ұлына да жұқтырыпты. Ол дер кезінде вакцина алмағанына өкінеді. Біріншіден -уақытым болмаса, екіншіден- аурудың қаншалықты қауіпті екеніне мән берген жоқпын,-дейді.¤

РИММА ҚОҚАНОВА/ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

- Қайдан және кімнен жұққанын білмеймін. Әуелі тұмау шығар деп елемей жүрдім. Кейін денем бөрте бастады. Одан кіші ұлыма жұқты. Дереу емханаға келдік, екі балама екпе жасаттым.

Қызылшаның басты себебі балаға уақытылы екпе жасамау. 1-сәуірден бастап осы дертке қарсы иммунизация тегін жасалуда. Үндістаннан 18 мың доза вакцина жеткізілді. Бұл қызамық пен паротитке де қарсы тұра алатын екпе. Қазір 9 бен 10 айлық сәбилерге екпе жасалынуда.

Облыста вакцинадан бас тартып отырған 2000- ға жуық ата-ана бар. 60 пайызы діни көзқарасына байланысты. Оларды райынан қайтару оңай емес. Мамандардың қолынан келері -  жұқпалы дерттен сақтанудың бірден-бірі жолы-вакцина екенін түсіндіру, ақпараттық жұмысты күшейту. 

Қызылшаның алғашқы белгісі - тұмау мен суық тиюге ұқсас. Кейін дене бөртеді. Уақытылы ем алмай асқынған жағдайда адам өліп кетуі де мүмкін. Қауіпті дерттен сақтанудың басты жолы  -екпе.  Өңірде қызылшаға қарсы егу шаралары кестеге сай жылдың соңына дейін жалғасады. Вакцина тегін.

Жанар ДАТҚЫЗЫ, Жанәділ САҒИЕВ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ЕМХАНАДА 20 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
ЖЕКЕ ЕМХАНАДА 20 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

12:35, 10 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЖАҢАША ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...
ӘДЕП БҰЗҒАН БАСШЫЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
20:45, 14 қазан 2019
ӘДЕП БҰЗҒАН БАСШЫЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
Толығырақ...