ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

52 ШАҚЫРЫМ КӨШЕ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

20:19, 20 наурыз 2019

Жол жөндеу жұмыстарына салғырт қарайтын компаниялар бар. Олардың ісі сотта жатыр. Мердігер жолдың сапасына екі жыл кепілдік береді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқталмай кеткен компаниялар да бар. Кемшілікті түзету өздеріне міндеттеледі. Биыл 52 шақырым жол жөнделеді,-дейді өңірлік коммуникациялар қызметінде баспсөз жимынын өткізген қала билігі.


Көлік жолдарының қыстан соң күйі қашқан. Биыл 25 көше жолы жөнделмек. Оның 14- і аяқталмай қалған былтырғы жолдар.Олар-Құлымбетов, Өтемісов пен М.Мәметова көшелері, 312-атқыштар дивизиясы мен Әбілқайыр хан даңғылының аралығы. Ақжар-Родниковка тас жолы мен Ембі көшелері. 

Қаладағы 62 көшенің шұрық-тесік жолдары тегістелмек. Жыл өтпей жатып тас-талқаны шыққан көшелер бар. Мәселен "Мегаруд" серіктестігі 2017 жылы жөндеу жүргізген Сәңкібай батыр даңғылы. Тас жол тесіліп, ойық көбейген. Кемшілікті мердігерге өз есебінен түзеу міндеттелді. 


Сәңкібай батыр даңғылының тас жолы 6 жолаққа кеңейтіледі. Оған 600 млн теңге жұмсалмақ. Батыс-2 ауданындағы Мәңгілік ел көшесінің жолына жеңіл жөндеу жүргізілмек. Қала ішілік жолдарды жаңартуға биыл  4 млрд.65 млн.теңге қала және облыс қазынасынан қарастырылған. Дені Сәңкібай батыр даңғылы мен Арынов көшесінің жолын жөндеуге жұмсалатын болады.  

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...